«БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» НАУҚАНЫ ӨТЕДІ
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы ағымдағы жылы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтетіндігін хабарлайды.
Науқанды өткізудің негізгі мақсаты қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.
Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының – 8 (7112) 260463 сенім телефоны мен тұрақты жұмыс істейтін облыстық call-орталығына 1301 хабарласа аласыздар.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі
Версия для печати
Пікір үстеу