БАЙЛАНЫССЫЗ КӨШЕ АВТОКИНОТЕАТРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 6 шілде күні Елордамыздың туған күніне орай Жәңгір хан 160 мекенжайында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автотұрағында елімізде орын алған төтенше жағдайды ескере отырып жастардың бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ қазақ кино өнерін қолдау мақсатында ашық аспан астында Нұрлан Қоянбаевтың «My love is Айсұлу» фильмі байланыссыз кинокөрсетілім ретінде өткізілді.
Автотұрақта өткізілген ерекше форматтағы шарада 240 автокөлік тұраққа орналасып, жастар көліктен шықпай, санитарлық нормаларды сақтай отырып, отандық фильмді тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Кинокөрсетілімге келушілерге автотұрақта белгілі қашықтықты сақтай отырып өз көліктерінен шықпай кино көру, медициналық қорғаныш маска кию, әр 20 минут сайын қолды антисептикалық сұйықпен сүртіп отыру талаптары қойылды.
Кинокөрсетілім барысында Ақжайық волонтерлері келушілерге әлемде жайлаған індеттен сақтану жолдары туралы ақпараттық парақтар, маскалар мен тәттілер таратты.
Версия для печати
Пікір үстеу