БАҚЫТЖАН ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ – АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысының және Орал орталық мешітінің бас имамы қызметіне бұған дейін аталмыш мешіттің наиб имамы қызметін атқарған Бақытжан Сабырәлиев тағайындалды.
Өкілдік қызметкерлеріне жаңа бас имамды ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет арнайы таныстырып, Бақытжан Құралбайұлына қызметіне сәттілік тіледі.
Мешіт қызметкерлері қатысқан кездесуде Нұрбек Әуесханұлы БҚО бас имамы қызметін босатылып, «Орал» медресе-колледжінің директоры қызметінде қалған Мұратбек Қыстаубаевтың қызметін жоғары бағалады.
Бақытжан Құралбайұлы Сабыралиев
1978 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.
1985-1995 жылдары Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылындағы Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектепті бітірген.
2011-2017 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің, «Исламтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2006-2015 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Көкқайнар» мешітінде наиб имамы қызметін атқарды.
2015-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Сырым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Бекет ата» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
2019 жылғы 16 қыркүйектен бастап Батыс Қазақстан облысы, Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқаруда.
Үйленген, 2 ұл, 3 қызы бар.
Версия для печати
Пікір үстеу