8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2019 2109 0
Қоғам

БАҚЫТТЫ НЕКЕНІҢ СЫРЫ

Отбасының бұзылуының басты себебі – өзара түсініспеушілік. Жаңа өмірге бейімделудің орнына әрқайсысы өзінің үйреншікті әдетінен арылғысы келмегендіктен, отбасында үйлесімділік болмайды. Салдарынан кикілжің басталып, соңы айрылысуға алып келеді. Осы орайда, жас отбасыларға қолдау көрсету маңызды. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізіндегі «Жас отбасы» жобасын жүзеге асыру аясында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің отау құруға ниеттенген жұптар арасында жүргізген «Отбасылық қарым-қатынас бүгін және ертең: үйлесімділік, психологиялық болжам және үйлестіру тәжірибесі» тақырыбында ұйымдастырған тренингі бақытты отбасының ерекшелігі мен мінсіз үйлесімділік туралы сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік берді.  

Тренингті жүргізген тәжірибелі отбасылық психолог Әдемі Аянғалиеваның айтуынша, отау құрудың алдында болашақ ерлі-зайыптылар бір-бірін түсінісіп, жол беруге дайын болуы керек. Көптеген жас жұбайлардың басты қателігі – әрқайсысы өзінің ойын алға тартып, кішірейгісі келмеуі.

– Психология заңдылығы бойынша ер азаматтар өзгермейді, өзгеретін әйелдер ғана. Бірақ, көптеген әйелдер отбасын құрған соң, күйеуін өзгертуге тырысады. Бұл мүлде іске аспайтынын есте ұстау керек. Өйткені ер адамдар жаратылысынан қандай болса, өмір бойы сол табиғи мінез-құлқында қалады. Ал ерлер өз әйелдерін қыз күнінде қандай болса, дәл сол қалпында қалғанын қалайды. Бірақ,  жоғарыда атап өткенімдей, әйелдер өзгереді. Бұл ер азаматтарға ұнамайды. Осындай қарапайым жайттардан түсініспеушілік туындай бастайды. Оған «Менің айтқаным ғана дұрыс шешім» деп, бір-бірінің пікірімен санаспау,  ерлі-зайыптылық міндеттерін дұрыс бөліп алмау сынды тұрмыстық проблемалар қосылады, – дейді психолог Әдемі.

Көп жағдайда ер азаматтар өз міндеттерін табыс табумен ғана шектейтіні белгілі. Олардың ойынша, қалған отбасылық шаруаның барлығын әйел адам реттеп отыруы керек. Бұл жағдайда әйелдер ер адамдардың әрдайым көмектесіп жүргенін қалайды екен. Яғни, отбасын құрудың алдында жұптар осындай қарапайым жайттардың өзін өзара талқылап алғандары дұрыс.

Отбасылық өмірге бейімделудің алғашқы кезеңі отау құрған бірінші айдан үш айға дейін жалғасады. Осы уақытта жас отбасыға бір-бірімен тіл табысып кетуіне көмектесуі үшін арнаулы мамандардың немесе жақын туыстардың бірінің көмегі қажет болады. Психологтың пікірінше, егер жас отбасы өздерімен өздері қалса, кикілжің туындайтыны анық.

– Себебі  ерлі-зайыптылық өмірге дейін олар бір-бірін толық танып үлгерген жоқ. Олар бір-біріне көрсеткен образды ғана сүйді. Отбасылық өмірге қадам басқан сәттен олардың жаңа образдары ашыла бастайды. Осы кездегі бейімделу кейбір жұптарда болмауы мүмкін. Жігіт немесе қыз отау құруға қадамды жасағандарына өкінетін жағдайлар да кездеседі.  Сол себепті некеге тұрудың алдында бір-бірін толықтай зерттеп алғандары дұрыс,  – деп түсіндірді психолог.

Осы мақсатта тренинг барысында жас жұбайлардың  бір-бірінің әдеттерін, мінез-құлықтарын білуіне қатысты бірнеше психологиялық тесттер жүргізілді.

Эльмира Нұғманова

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
85 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
149 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
384 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
866 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1244 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1145 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1603 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2219 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2384 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2391 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2442 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2447 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2060 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2926 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2980 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2974 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3587 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3555 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3546 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3522 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»