8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қазан 2019 2091 0
Дені сау ұлт

БАҚЫТТЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ – ДЕНСАУЛЫҚТА

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы спорт шарасын қолдауға байланысты бейнеүндеу жолдаған болатын. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу арқылы қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыру мақсатынан туындаған болатын.
Спортпен шұғылдану, жаттығу жасау – саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кепілі болып саналатыны сөзсіз. «Денсаулығы мықты адам ғана бақытты өмір сүріп, биік мақсатқа қол жеткізе алады. Бүкіл адамзатқа белгілі қағида – байлық та емес, мансап та емес. Бақыттың 90 пайызы денсаулықта жатыр. Әрбір азамат «шынықсаң, шымыр боласың» деген қағиданы берік ұстанғаны абзал», – деп атап өткен болатын Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыған орайда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Салауатты өмір үшін» атты көпшілік сауықтыру шарасы тағы да жалғасын тапты. Аталмыш спорттық шараны университетіміздің ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы ашып, барлық қатысушыларға алғысын білдірсе, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығын жеткізіп, сәттілік тіледі. Шараға «Jas Otan» қызметкерлері мен университетіміздің студенттері белсенді қатысты.
Дені сау, әрі белсенді адамдар ғана, соның ішінде жастарымыз елімізді алға жетелейтіні анық. Осы орайда, университетімізде жаңа оқу жылы және Қала күні мерекесі қарсаңында оқу орнының бас ғимараты аумағынан студенттерге арналған 920 шаршы метрді қамтыған жаңа спорттық алаң пайдалануға берілген болатын. Бұл да студенттерімізге бос уақытында спортпен айналысу, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыру, демалуға шақыру, спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың қатарын көбейту, саламатты өмір салтын ұстануға бағыттауға жол ашары айқын.

Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»