8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Желтоқсан 2020 1779 0
Өзек

Бақұл бол, ТҰМАРША АНА

Бүгін Ақ Жайық өңірі Тұмарша Ибрагимқызын қара жер қойнына тапсырды. Ел анасы, алты алаштың ардақтысы, жақсылардың көзі, бекзаты, асылдың тұяғы Тұмарша Ибрагимқызы 97 жасында  енді қайтып орлмайтын «келместің  кемесіне» аттанды. Сондықтан әрісі Есіл мен Алатау жақтан, берісі Еділ мен Жайықтан жеткен көңіл айтуымызды – барша ел-жұрттың жамағаттың атынан Әйтімовтер әулетіне, Ақсерік Сарыұлының шаңырағына, осы жанұяның отбасы мүшелеріне «Ақырының қайырын берсін! Ғасыр жасаған кейуананың ұзақ ғұмырын ұрпақтарына бұйыртсын» деп жеткізіп, басу айтқалы отырмыз.

Тұмарша Ибрагимқызы текті тұқымның жалғасы болатын. 1923 жылы 25 маусымда  Тайпақ ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Асқар таудай әкесі Ибрагим өмірден ерте озды. Анасы Камилла көршілерінің түйесін де сойып беретін өте қайратты, жігерлі жан болды. Кішкентай Тұмарша анасына қолқанат болып, Тайпақ ауылынан Кордон ауылына қоныс аударды. 18 жасында қара жұмысқа белсене кірісті. Ел басына күн туған қиыншылық заманда Гурьев және Астрахан теміржолын салуға қатысты. Құрбыларынан қалыспай белін бекем буып, әрқайсысына өлшеп берілген төрт мың шаршы метр топырақты күрекпен тасып шығарды. Осы еңбегі үшін күніне бір тілім нан мен титтей балық беретінін әңгімелеп отыратын. Аштық пен қиыншылық заман маңдайы жарқыраған жас аруды өмірдің оты мен суына салып, шыңдады, шынықтырды. Бір жыл бойы теміржолда тапжылмай жұмыс істеп, үш рет мақтау қағазын алып, ауылына шаршап-шалдығып жетті. «Алып анадан туады» дегендей, Тұмарша Ибрагимқызы жайлы тарихи естеліктер, хисса-дастандар өте көп. Кейуананың өмірі ұрпақтарына, жастарға үлгі-өнеге. Октябрь революциясын, Ұлы Отан соғысын, елді қайта құру дәуірін өткерген ел анасы 1946 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, жауды екі рет соғысқа қатысып, жеңген «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері. Атпал азамат Сары Әйтімовке тұрмысқа шығады. Ағайын-туыстың ақ батасымен отау тігіп, отбасы болады. Бақытты шаңырақта осы Әйтімовтер әулетінің азаматы, тұяғы Ақсерік Сарыұлы, атақты педагог Зәуия, елге аты мәшһүр қоғам және мемлекет қайраткері, ел мақтанышы Бірғаным Сарықызы, белгілі заңгер, сот саласының майталманы Гүлғаным дүниеге келді. Осынау төрт қарлығаштың қуанышы мен шаттығын, жеткен жетістіктерін, баянды бақыттарын көру, қиыншылықтарын бірге бөлісу – Тұмарша апайға бұйырды. Өйткені қамқор әкеден, отбасының асқар тауынан осы балалар ерте айырылды. Көзі тірісінде Зеленов ауданының көркеюіне сүбелі үлес қосып, Ростоши кеңшарында ауылдық кеңес хатшысы және төрағасы қызметтерін белсенді атқарған Сары ағамыз 1978 жылдың 2 қаңтарында дүниеден озды. Содан бері төрт балапанды өзі оқытып, тәрбиелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, 50 жылға жуық уақыт бойы Әйтімовтер шаңырағының шамын бір өзі ғана жарқыратып жаққан Тұмарша Ибрагимқызы «Әйел – қырық шырақты» деген мақалдың да мағынасын ақыл-парасатымен, даналығымен ұғындыра түсті…

Әкелері өмірден кеткенде бүгінде елдің атақты азамат-азаматшалары болған бұл балалар тым жас еді, әлі аяқтанбаған еді, қанат қақпаған еді. Тұмаршадай мейірімді, ғазиз ананың арқасында ұл-қыздары абырой биігінен көрініп, әке мен ана үмітін ақтай білді. Сөйтіп шаттығы шалқыған шаңырақта немерелер мен жиендер, олардан өрбіген ұрпақтар, шөберелер мен шөпшек дүние есігін ашып, Тұмарша ананың мерейін үстем етті. Бақыт пен шұғылаға бөледі.

Иә, өмір – өзен. Жүз жасқа қарай қадам басқан Тұмарша анамыз Жамбыл бабаның жасына жетер деген үмітте едік. Алайда, жазмыштан озмыш жоқ. Біз осы орайда, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары – Ақсерік Сарыұлына, Бірғаным Сарықызына, Зәуия мен Гүлғаным апаларымызға және барша ағайын-тумаларына, құда-құдағиларына, жақын-жұрағаттарына қайғырып көңіл айтамыз, сабырға шақырамыз.

Алтындай аппақ анамыздың жылы жүзі, жарқын бейнесі елдің жүрегінде ұзақ-ұзақ сақталатын болады!!!

Тағы да үміт шек қала ма арманға,

Өмірге ынтық ана шөлі қанған ба?!

Ана – үміт, ана – жігер, ана – АЗАМАТ,

Одан берік, одан нәзік жан бар ма?!

Қабіріңіз гүлмен көмкеріліп, ұйқыңыз тыныш, қорымыңыз жарық болсын, аяулы Тұмарша ана!

Хош болыңыз! Бақұл болыңыз!

 

Ақ Жайық өңірінің зиялы қауымы және

«Жайық үні» ЖШС газеті редакциясының ұжымы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
95 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
313 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
800 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1176 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1098 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1537 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2152 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2319 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2325 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2375 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2378 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2015 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2860 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2913 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2910 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3518 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3489 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3477 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3456 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3617 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3663 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»