БАҚҰЛ БОЛ, КӘКЕН АҒА
Таяуда Ақ Жайық өңірінің қалың жұртшылығы БҚО-дағы ядролық сынаққа қарсы қозғалыстың жетекшісі болған аяулы азамат, танымал тұлға, абыз ағамыз, еңбек ардагері Кәкен Көбейсіновтен айырылып қалды.

Кәкен Көбейсінов 1931 жылы 7 қыркүйекте Бөкей ордасы ауданы, Мешітқұм ауылында дүниеге келген.
Кәкен Көбейсінов – КСРО-на еңбек сіңірген халықтық бақылау қызметкері. Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1961-63 жылдары Орда ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінде оқытушы болды. Орда, Жәнібек, Фурманов аудандарының шаруашылық-кеңес қызметі саласында жұмыс істеді. 1961-91 жылдары облыстық халықтық бақылау комитеттері төрағасының орынбасары болды. Батыс Қазақстандағы ядролық-ракеталық сынаққа қарсы «Нарын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі жұмысын абыроймен атқара білді. Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысын үйлестіру кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты.
Жасынан халық қасіретін жүрегіне түйіп өскен, облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңірдің қоғамдық-саяси мәселелеріне белсене араласқан Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала аудандарының құрметті азаматы Кәкен Көбейсіновтің қайраткерлік қасиетін өңір жұртшылығы жоғары бағалайды. 1990 жылдардан бастап «Нарын» қозғалысының жетекшісі ретінде әскери сынақ полигондарының зардабын облысқа ғана емес, Елбасына дейін жеткізе білді. Соның нәтижесінде көптеген шаралар қолға алынды. Әскери сынақтардан зардап шеккен аудандарда тексерулер жүргізіліп, сол аймақта тұратын мүгедектер әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Жаңақалада ауданаралық оңалту орталығы салынды.
Кәкен Көбейсінов 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, 1 және 3 Азаматтық форумының делегаты, 2005 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңашылы» дипломымен және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.
Қасиетті Бөкей орда ауданының мақтанышына айналған Кәкен Көбейсінов ағамыздың жарқын бейнесі барша Алаш жұртының және бөкейлік жерлестердің жүрегінде ұзақ сақталады. Туған елден түлеп ұшып, адамдық қасиетімен өмір жолында ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген абыз ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы мамық, ұйқысы тыныш, жаны жұмақта болсын. Кәкен ағаның қайтпас сапарға аттануына байланысты Көбейсіновтер отбасына, балалары мен ағайын-тумаларына қайғырып көңіл айтамыз.
Бөкейордалық бір топ жерлестері мен қалалық «Жайық үні» газетінің редакция ұжымы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу