БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАДЫ
Бүгін дүкен сөрелеріндегі тауар құнын негізсіз өсіруге жол бермеу мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев пен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков шаһардағы бірқатар шағын маркеттерді аралап, ондағы санитарлық тазалық пен баға тұрақтылығын бақылады.

Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан «Западный», «Назэль» шағынмаркеті және «Астана» сауда үйінде орналасқан азық-түлік дүкенін аралаған жергілікті әкімшілік өкілдері, әзірге әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты, тапшылық жоқ екеніне көз жеткізді. «Астана» сауда үйіндегі азық түлік дүкенінің аға сатушысы Лариса Саникованың айтуынша, мұндағы баға әдеттегідей, ешқандай өсім болмаған. Сондай-ақ санитарлық тазалыққа баса мән беріледі, тұрғындар да маскасыз дүкенге бас сұқпайды екен.
Қазіргі таңда өңірімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынған. Осы орайда облыста азық-түлік бағасына күнделікті мониторинг жасап, шектік бағаларын қарастыратын 20 топ бекітілген. – Олардан күн сайын екі мәрте ақпарат алып, талдау жасаймыз. Қай жерде баға өсімі байқалса, сол дүкендермен жұмыс жасаймыз. Қазір бізде баға тұрақтылығы 90 пайызға өз дәрежесінде сақталып отыр. Көкөніс бағаларында өсім байқалады, бірақ бұл маусымдық өзгеріп отыратын жағдай. Өйткені, бұл көтерме сауда жасаушылардың бағаны қымбаттатуымен байланысты. Әкімшіліктің құзіреті ең бастысы, дүкендердегі соңғы бағаны тексеріп, әлеуметтік тауарлардың қандай бағамен сатылып жатқанын бақылау. Монополияға қарсы агенттіктің өкілдерімен, көтерме сауда жасаушылармен, өндірушілермен бірігіп, бүкіл бағаның элементтерін нақтылап, өсімнің неден пайда болып жатқанын қарастырып жатырмыз. Әрине, нақты бұзушылық фактілер орын алса, әкімшілік жазалар қолданамыз. Екіншіден, монополияға қарсы департамент өкілдері көтерме сауда жасаушылармен өздері жұмыстанады. Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ұстау. Шектік бағаларды қадағалау, облысымыздың азық-түлік қорын толтыру тек төтенше жағдай кезеңінде емес, одан әрі де жалғасады. Өңірдегі қор балансын жүйелі ұстап отырмыз, ешқандай тапшылық жоқ, баға тұрақты, – деді рейд барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев журналистерге берген сұхбатында.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА





Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу