Арман Өтеғұлов – Сенат депутаты!
Бүгін, 14 қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен залында ҚР Парламентінің Сенат депутаттарының сайлауы болып, ойдағыдай жүзеге асты. Ашық алаңға өз уақытында жиналған аудан,қала, облыс мәслихаттарының депутаттары өз дауыстарын берді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, тб ұйымдастырушылар куә болып, саяси науқанның барысын қадағалады.
БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ. Қапақов осы сәтте журналистерге мәлімдеме жасады. Төрағаның айтуынща, сайлау нәтижесі бойынша Арман Өтеғұлов 127 дауыс жинап, Сенат депутаты болып сайланды. Сайлауға қатысқан кандидаттарға өңірдегі 172 депутат қатысып, дауыс берген екен. Ақылбек Сұлтановқа 25 депутат 14,5 пайыз, Айболат Құрымбаевқа 15 депутат дауыс беріп, 8,7 пайызды құраған. Үш таңдаушының барлығына қарсы үш дауыс берілді, – деді Ғайса Хамидоллаұлы.
Біз, көптен күткен саяси науқанда жеңіске жеткен жерлесіміз, облыс әкімінің бірінші орынбасары болып күні бүгінге дейін абыроймен қызмет атқарған Арман Кәрімұлына оң сапар, құтты қадам тілейміз! Ақ Жайық өңірі халқының талап-тілегін, аманатын орындайды деп жерлестері атынан зор сенім білдіріп, жеңісімен құттықтаймыз!
Гүлжан Серікқызы,
«ЖАЙЫҚ ҮНІ» газетінің арнаулы тілшісі
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу