8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 1406 0
Дені сау ұлт

БҚО ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 84,2 ПАЙЫЗЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жылдық қорытындысы туралы 18 наурыз күні өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова баяндады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша 46 денсаулық сақтау субъектілерімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтер көрсетуге шарттар жасалған. Оның 36-сы немесе 78,3 пайызы – мемлекеттік меншік нысаны, 10-ы немесе 21,70 пайызы – жеке меншік нысан.

  – Өздеріңіз білетіндей, өткен жыл елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды, пандемия медициналық сақтандыру арқылы ұсынылатын консультацияларға, диагностикаға, оңалтуға қол жетімділікті арттыру бойынша жоспарларымызды айтарлықтай өзгертті. Бірақ, эпидемиологиялық жағдайдың басталуымен бізге бірқатар міндеттер жүктелді, бірінші кезекте барлық қаржыландыру COVID-19-бен күресуге бағытталған, бірақ соған қарамастан, емдеу және диагностикалық зерттеу жұмыстары жалғасты, – деді Нұржамал Шамғонқызы.

Спикер медициналық қызметтер үшін ақы төленген қызметтердің негізгі түрлерін нақтылап өтті. Атап айтсақ, 3,9 млрд теңге сомаға 3,5 млн. консультациялық-диагностикалық көмек қызметі көрсетілген (өсім 5 есе, тіркелген бір тұрғынға 3 қызмет). Оның ішінде бейінді мамандардың 4,4 мың консультациясы (6,6 млн теңге сомасына), 24 мың диагностикалық қызмет (118 млн теңге сомасына), зертханалық диагностиканың 26 мың қызметі (160 млн теңге сомасына), жалпы санынан КТ/МРТ 25 мың, немесе 60 пайыздан жоғары технологиялық зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілген (104 млн теңге сомасына). Сондай-ақ 800 мың стоматологиялық қызмет ұсынылған.

Медициналық оңалту бойынша 2965 науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тәуліктік стационарларда медициналық оңалту қызметтерін алды. Оған 608,9 млн теңге төленген. Оның ішінде жалпы науқастар – 1195 (271,6 млн теңге сомасына),  кардиология бойынша 323 науқас (сомасы 61,1 млн теңге), кардиохирургиядан 232 науқас (39,4 млн теңге сомасына), неврология бойынша 759 науқас (155,6 млн теңге сомасына), нейрохирургия бойынша 118 науқас (сомасы 32,1 млн теңге),  травматология және ортопедия бойынша 338 науқас (сомасы 49,1 млн теңге) қызмет алды.

Стационардағы мамандандырылған медициналық көмек бойынша жоспарлы түрде стационарларда 70 631 пациент емделді (сомасы 7,49 млрд теңге), 11,8 мың босану (1,22 млрд теңге сомасына), 15,4 мың ота жүргізілді (3,4 млрд теңге сомасына) оның ішінде жоғарғы технологиялық медициналық көмектін қолданумен – 104 қызмет (297,4 млн. теңге сомасына) ұсынылған.

 – Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз етуге COVID-19-ды емдеуге арналған 5 препарат енгізілді, олармен 2020 жылы 47,7 млн теңгеге 19 768 пациент қамтамасыз етілді. Егер COVID-19-ға қарсы күрес бойынша іс-шаралар туралы айтатын болсақ, 2020 жылы облыс бойынша COVID-19-ға қарсы күреске тартылған Денсаулық сақтау субъектілерінің 15 542 қызметкеріне жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге үстемақы төленді Коронавирустық инфекциямен ауыратын 17 328 науқас жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге ем алды, Барлығы 50 087 ПТР-диагностикаға жалпы сомасы 489 млн теңге төленді. 19 054 мобильді бригадалардың жұмысы үшін 116 млн теңге төленді,  – деді Нұржамадл Жұмағұлова.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – азаматтарымыздың сақтандырылу мәртебесі. «Сақтандыру» базасының деректері бойынша 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сәйкес облыс бойынша сақтандырылған халықтың саны 84,2 пайызды құрайды, ал сақтандырылмағандардың үлес салмағы 15,8 пайызды немесе 108 491 адамды құрап отыр. Бұл ретте  қордың облыстық филиалы директоры жергілікті атқару органдарымен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстар оң нәтижесін атап өтті. Мәселен, өткен жылдың шілде айында облысымызда сақтандырылмағандардың үлесі 22,4 пайыз болған. Бүгінгі күнге дейін 6,6 пайызға азайып отыр.

Атап өтейік,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының бірінші санатына азаматтардың 15 жеңілдетілген санаттары үшін мемлекеттің төлемдері жатады. Бұл шамамен еліміздің 11 млн. азаматына жасалады. Олар үшін 2021 жылы Мемлекет орташа айлық жалақының 1,6 пайызын аударады.

Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлері үшін 2021 жылы жұмыскердің еңбекақы төлеу қорынан 2 пайыз мөлшерінде аударымдар төлейді.

Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің жалақысынан 2 пайыз жарна ұсталады.

Жеке кәсіпкерлер бұрынғыдай өздері үшін жарна аударады. Олардың ай сайынғы төлемі 2021 жылдан бастап өзгеріссіз қалды – 1,4 ең төменгі жалақының 5 пайызы, яғни ай сайынғы жарна мөлшері-2 975 теңге.

Сондай-ақ Қазақстанда өз қызметін Салық комитетіне тіркеместен, басқа жеке тұлғаларға түрлі қызметтер көрсететін 1 миллионға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бар.

Оларға жарналарды екі жолмен төлеу мүмкіндігі беріледі. біріншісі, 1 айлық есептік көрсеткіш – бұл қала тұрғындарына 2 917 теңге. Екіншісі, 0,5 айлық есептік көрсеткіш – бұл ауылдық елді мекендердің тұрғындарына 1459 теңге.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаларға келетін болсақ, олардың табысынан 2 пайыз ұсталатын болады.

Дербес төлеушілер жарналарды 2 125 теңге (ең төменгі жалақының 5 пайыз) мөлшерінде төлейді.

 – Еске салғым келеді, егер азаматтар 2021 жылы сақтандырылмаған болса, онда олар өткен 12 айдағы төлемдерін тексеріп, төлем жасап, медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуы керек. Бұл 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 5-бабы, 3-тармағының талаптарында көрсетілген,  – деді Нұржамал Шамғонқызы.

Сақтандырылмаған азаматтар медициналық көмектің белгіленген түрлеріне қол жеткізе алмайды.Мәселен, амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде профилактикалық медициналық тексерулер, учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша бейінді дәрігерлердің қабылдауы мен консультациясы, созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың динамикалық бақылауы, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика, УДЗ, рентген, КТ, МРТ, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық стационарлық медициналық көмек, медициналық оңалту сияқты тағыда басқа қызметтер.
МӘМС жүйесінде қызметтердің кең спектрін алу үшін азаматтар жарналарды төлеу арқылы жүйенің қатысушысы болуы қажет. Жүйе бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар қордың колл-орталығына 1406 нөміріне немесе филиал қызметкерлеріне 55 41 66, 55 41 67 нөмірлері арқылы хабарласа алады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
126 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
175 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
463 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
474 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
602 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
901 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
994 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1022 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1233 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1499 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1728 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1766 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1914 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2112 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2334 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»