БҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ҮН ҚОСТЫ
30 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық ақпараттық-ағартушылық Штаб мүшелерімен бірлесіп, «Ізгілік елшісі» жобасы және «BizBirgemiz» жалпы ұлттық акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Шара аясында облыстағы әлеуметтік аз қамтылған бірқатар отбасыларға азық-түлік тауарлары және медициналық қорғаныс құралдары табыс етілді.
Өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының тізімін БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынды.
Жалпы ұлттық «BizBirgemiz» қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – елімізде енгізілген төтенше жағдайлар кезінде әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету болып табылады.
Пікір үстеу