БҚО МЕШІТТЕРІ ОНЛАЙН ДӘРІСТЕР ӨТКІЗУДЕ
Биылғы Рамазан айы бұрынғыдан өзгерек. Баршамызға белгілі елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барша жамағат үшін мешіттердің есігі жабылды. Алла үйінің есігі уақытша жабылғанмен, мешіттердің имамдары мен ұстаздары жамағатқа уағыз-дәрістерін онлайн режимде жүргізуін жалғастыруда.

Қасиетті Рамазан айы басталғалы Бөрлі ауданы, Ақсай қаласынының мұсылмандар мешітінің бас имамы Қ.Жакенов пен мешіт ұстазы Ж.Лұқпанов @aqsaidin инстаграм парақшасында «Рамазан құндылықтары», «Отбасы ғылымхалы», «Құран оқып үйрену» тақырыптарында онлайн дәрістер оқып, жамағаттан келген сұрақтарға жауап беріп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек аптаның әр күні «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу шарасы өтуде.
Ал «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен @parasat_k.b.bko және @aqsaidin инстаграм парақшаларында кестеге сәйкес «Талас-тартыс мәселелері», «Елімізде тыйым салынған діни ұйымдар», «Хадис ілімі» тақырыптарында онлайн дәрістер ұйымдастырылуда.
Қазірге таңда бір күнде онлайн дәрістерге 100-ден астам адам қатысып, 40-тан астам сұрақтар келіп түсуде. Дәрістер қасиетті ай аяқталғанша өз жалғасын таппақ.


Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу