8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қаңтар 2021 1744 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО МЕКТЕПТЕРІНДЕ КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАРҒА ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекiтiлген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 165-бабына сәйкес  бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарында асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.

«Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптарға ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша Бөрлі және Шыңғырлау аудандарынан басқа аудандардың (қаланың) білім беру бөлімдері жергілікті санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлескен түрде жұмыстар жүргізуде. Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі» делінген басқарма жолдаған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін, яғни 8  қаңтар күні  онлайн қабылдау өткізген облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева ата-аналардың өтініші негізінде білім ұйымдарында ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріне  хат жолданғанын мәлім еткен болатын.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»