БҚО ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аппарат жиналысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев тағайындалды.

Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев – 1971 жылы туған, білімі жоғары, Алматы технологиялық институтын «инженер-технолог», Қарағанды экономикалық университетін «салық және салық салу» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары:
– ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде,
– ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы, Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры,
– ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры, төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде жұмыс істеді.
Ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық жоспарлау, тарифтік саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу