БҚО ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНДЕ 237 СҰРАҚ ПЕН ҰСЫНЫС ТҮСТІ
Сұрақтардың дені жол құрылымы, электр желілерінің тозуы, мобильді байланыс, оңтүстік аудандарды ауызсумен қамту, экология мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға қатысты болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 5.02.2016 жылғы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында 20 ақпанда облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңір тұрғындарына болашақ жоспарлары туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтып берді. Пандемияға байланысты облыс әкімінің халық алдындағы жыл сайынғы есебі онлайн форматта өтті. Есеп беру кездесуінің тікелей көрсетілімі «Aqjaıyq» телеарнасында және БҚО әкімдігінің ресми парақшасында YouTube видеохостингінде өтті.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша барлығы 237 сұрақ пен ұсыныс түскен.
Халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған жәшіктер арқылы 8 өтініш, электрондық пошта 39, WhatsApp нөмірі 138, Call-орталық арқылы 52 сұрақ келіп түсті. Сондай-ақ, тікелей эфирді трансляциялау есебі кезінде БҚО әкімдігінің ресми парақшасындағы YouTubе видеохостингінде 616 пікір қалдырылды.
Облыс әкіміне жолданған өтініштер негізінен мобильді байланыс пен мобильді интернеттің әлсіздігі, жол инфрақұрылымы, электр желілерінің тозуы, экология және ТҚҚ, облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамтамасыз ету, киіктердің саны, факторлық-балдық шәкілді (БШФ) енгізу және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын одан әрі арттыру мәселелеріне қатысты болды.
Есеп беру кездесуі барысында облыс әкімі өңірдің ең өзекті деген 39 сұрағына жауап берді. Белгіленген уақыт шеңбері азаматтардың барлық өтініштеріне тікелей эфирде жауап беруге мүмкіндік бермеді. Барлық қойылған сұрақтар мен оларға берілген жауаптар БҚО әкімдігінің ресми сайтында белгіленген мерзімде қолжетімді болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу