8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2021 1119 0
Дені сау ұлт

БҚО ӘКІМІ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ CALL-ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

Бүгін, 8 ақпан күнгі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі облыстық жедел штабтың отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев медициналық мекемелердегі  қауырт желінің тиісті деңгейде кеңес бермейтінін сынға алды.

– WhatsApp нөміріме медициналық ұйымдардың call-орталықтарына қатысты шағымдар жиі түседі. Осы шағымдарға байланысты облыстық әкімдік аппараты қызметкерлері тексеріс жүргізді және халыққа тиісті деңгейде кеңес берілмейтіні расталды. Мәселен, 28 қаңтар түнгі 22.30-да инспекторлар 109 қызметіне хабарласты, кеңес берушілер түнгі уақытта компьютерлік томографиядан өтуге қатысты сауалға жауап бере алмады. stopcovid.kz сайтында облыстық және қалалық көпбейінді ауруханаларда компьютерлік томография қызметі тәулік бойы көрсетілетіні жазылған. Алайда, stopcovid.kz-те және ауруханалардың өз сайттарында көрсетілген call-орталық нөмірлері жауап бермеді. Автожауапбергіш қана қосылып тұр. Яғни, түнде компьютерлік томография жасатқысы келгендер сайтта көрсетілген нөмірлерге түсе алмады. Дәл сол сияқты 29 қаңтарда күндізгі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы емханаға жолығуды ұсынды. Облыстық көпбейінді ауруханасы телефонға мүлде жауап бермеді. Қалалық көпбейінді ауруханада оператор орнында болмады. №2 және №4 қалалық емханаларға да хабарласу мүмкін болмады, – деген облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтан бұл келеңсіз жағдайларға түсінік беруді сұрады.

Арман Қалибеков атап өткендей, денсаулық сақтау басқармасының 24-00-06 call-орталығы өткен жылдың тамызында жедел штабтың шешімімен 109 қызметіне  берілген. Ол сағат 8.00-ден 20-00-ге дейін жұмыс жасайды. Қалалық емханалар да сағат 8.00-ден 20-00-ге дейін қызмет көрсетіп, кеңес береді.

– Ал облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына қатысты мәселені шештік, телефондарды жаңарттық. Медициналық ұйым жанында COVID-19 бойынша пациенттерге кеңес беретін 21-15-16 қауырт желісі жұмыс жасайды. Сондай-ақ пациенттердің туысқандары үшін арнайы сағат 16.00-18.00 аралығында хабарласу уақыты ұйымдастырылды. Осы уақытта олар емдеу дәрігерінен туыстарының жағдайы туралы біле алады. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ресми сайтында әр корпустың телефоны көрсетілген. 1 корпус – 21-03-00, 2 корпус – 21-14-22, реанимация бөлімі – 21-07-22. Жаңа модульдік ауруханадағы әр блок бойынша да телефондар сайтқа орналастырылды. Қалалық көпбейінді аурухана жоспарлы негізде жұмыс жасайды, сондықтан COVID-19 бойынша мұндағы call-орталығы әзірге жұмыс жасамайды, – деді Арман Талғатұлы.

Сондай-ақ облыстық аурухана мен аудандық медициналық мекемелердегі телефондар жаңартылып, stopcovid.kz сайтына орналастырылған. Облыс әкімі  call-орталық жұмысын жүйелі ұйымдастырмаған ауруханалар мен емхана басшыларын шара қолдануды тапсырды.

– Адамдар ауырғанда уайымға түседі. Компьютерлік томографияға түсу бойынша қызмет алу үшін кеңес берушілерді іздеп ұйымдарға хабарласады. stopcovid.kz сайтында көрсетілген телефондар жұмыс жасамаса, жауап бермесе, ондай қызметкерлердің қажеті қанша? Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан сайтта көрсетілген ақпараттарға толық жауап беретін қызметкер бекітілуі керек, – деді облыс басшысы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
59 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
136 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
361 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
846 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1224 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1133 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1583 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2198 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2363 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2371 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2421 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2426 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2048 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2906 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2960 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2954 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3567 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3535 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3526 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3501 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3661 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»