11 Ақпан 2022 2420 0
ҚоғамБҚО ӘКІМІ ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІ ГИНТАУТАС ВАСЮЛИСПЕН КЕЗДЕСТІ
БҚО әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесу өткізді.
Кездесу түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға арналды. Кездесу барысында тараптар инвестиция үшін перспективалы салалармен бөлісті.
Гинтаутас Васюлис екі ел арасындағы тарихи байланыстарды атап өтіп, Литва бизнесмендерінің бірлескен жұмысының көкжиегін кеңейтуге мүдделілігі туралы айтты.
– Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 1,5 млрд.еуродан асты, оның ішінде Литваға қазақстандық экспорт 1 млрд. еуродан асты. Бұл негізінен минералды, шикізат ресурстары, балық, ауылшаруашылық өнімдері. Бүгінгі таңда Қазақстанда Литва капиталы бар 115 кәсіпорын жұмыс істейді, – деді Литва елшісі.
Г.Василис жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы, тамақ, химия, инженерлік өнеркәсіп, металл өңдеу, IT-технологиялар, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін ерекше атап өтті.
– Биыл үлкен Литва-Қазақстан бизнес форумы жоспарлануда, оның шеңберінде Литва-Қазақстан бизнес кеңесінің қызметін қайта бастау көзделген. Біз өзімізді Қазақстанның Еуропалық Одақ нарығына шығатын қақпасы ретінде көреміз. Қазақстанда бар шикізатты қайта өңдеуге, жартылай фабрикаттарға жеткізуге және логистикалық арналар арқылы Литваға жіберуге үлкен мүмкіндіктер бар, онда ЕО нарықтарына бажсыз беруге болатын түпкілікті өнім дайындалатын болады, – деді Литва елшісі.
Кездесу барысында облыс әкімі облыстан 700 шақырым радиуста 25 млн.базар орналасқанын айтты. Өңір басшысы литвалық компаниялардың көлік-логистикалық дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, жүктерді сақтауға арналған алаң құру ниетімен бөлісті.
– Бізде әуежай терминалының құрылысы аяқталуда, оған жақын жерде логистикалық ауыстырып тиеу алаңына 200 га беруді жоспарлап отырмыз. Бүгінде оған Ресей мен Қытай елі қызығушылық танытты. Еуропадан Орта Азия мен Қытайға және кері қарай жүк тасымалдау үшін көп уақыт пен күш қажет. Біз сіздердің көлік логистикалық компанияларыңызбен қоймалар үшін инфрақұрылым мен жер телімдерін беруге дайынбыз, – деп атап өтті облыс әкімі.
Шетелдік инвесторлар әуе жүктеріне арналған жүк терминалын салуға да мүдделі. Бұл уақытта ұсыныс барлығына ашық.
Өңір шикізатты қайта өңдеуге де мүдделі. БҚО – да мал шаруашылығы дамыған, 700 мың ІҚМ, 1,5 млн ұсақ мал бар. Компаниялар Араб елдері, Қытай және Ресей Федерациясына ет экспорттайды.
– Бізге БҚО-да етті бастапқы өңдеу және Литва аумағында өнімді пысықтау идеясы қызықты.
Біз ірі ет комбинатын салуға, сондай – ақ сүт өндірісін жолға қоюға мүдделіміз, – деді өңір басшысы.
БҚО-да Қазақстанның 35% газы өндіріледі және бұл көлемді ұлғайту перспективасы бар. Осыған байланысты өңір шикі газды қайта өңдеуге, газ химиясына және мұнай-газ компанияларына құрамдас бөлшектерді жеткізуге мүдделі. Бұдан басқа, облыс IT-технологиялар бағыттары бойынша бірлескен компаниялар құруға, үздік техникалық университеттерді тартуға, медицинаны дамытуға қызығушылық танытып отыр.
Айта кету керек, Оралда осы жылдың ортасында Литва Республикасының құрметті консулдығын құру жоспарлануда, бұл нақты жобалар бойынша ілгерілеуге серпін береді.
Сондай-ақ, Литвада ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласының жергілікті өкілдерінің бизнес миссиясын ұйымдастыру жоспарлануда.
Кездесу соңында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту игілігі үшін одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
92 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
95 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
90 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
91 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
90 0

Кіру
Пікір үстеу