БҚО ӘКІМІ: «ІНДЕТ ҮРІМ-БҰТАҒЫМЫЗҒА ҚАУІП ТӨНДІРІП ТҰР»
Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте карантиндік шектеулер жеңілдетілген соң, вирусты жұқтырғандардың саны артқанын атады.

Нақтырақ айтқанда, жалпы жағдайлардың 85 пайызы маусым-шілде айында тіркелген. ПТР-тестілеусіз тіркелген жағдайлардың көп екенін де атап өткен жөн. Ешқандай ауру белгілері болмағанымен вирусты тасымалдаушылар бар. Олар ауруды жеңіл өткізгенімен, иммундық жүйесі төмен өзгелерге ауру жұқтыруы ықтимал.
– Жиі айтып жүргенімізбен, өкінішке орай тұрғындар бұл мәселені жете түсінбей отыр. Әлі де той, садақа, түрлі іс-шаралар өткізіліп, бір-біріне қонаққа бару, кездескенде қол беру тоқтамай тұр. Осындай жағдайлар аурулардың көбеюіне әкелуде, дәрігерлеріміздің де жүктемесі артуда. Бүгінде бірқатар елдерде ахуал тұрақтанып келеді. Олардағы жағдай біздің өңірдегіден де ауыр болған еді. Бірақ, олар ішкі тәртіптің арқасында эпидимиологиялық ахуалды жақсарта алды. Шетелдік мамандардың пайымдауынша, коронавируспен күресте ең тиімді тәсіл – көпшілік жерлерге бармау, той-томалақ өткізбей изоляцияда болу. Өкінішке орай, біздің елдің азаматтары осындай позицияны ұстана алмай отыр. Адам өміріндегі ешбір байлықтың құнына тең келмейтін баға жетпес қазына – денсаулық. Екінші бір қазынамыз – әрбір үйдің байлығы болып отырған қарияларымыз, ақ жаулықты апаларымыз. Мына аса қауіпті дерт тек денсаулығымызды жойып қана қоймайды. Асыл қазынамыздан айырып, үрім-бұтағымызға қауіп төндіріп тұр. Сақтық шараларына салғырт қарамайық. Коронавирус бейқамдықты кешірмейді. Мен барлық қиындықтарды бірге жеңе алатынымызға сенімдімін. Жақынымызға жанашыр болып, қауіптің беті қайтқанша аман болайық,– деді Ғали Нәжімеденұлы.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу