8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2020 1659 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІ Ғ.ЕСҚАЛИЕВ «ИНФЕКЦИЯМЕН КҮРЕСТІҢ ҮЗДІК ТӘСІЛІ – ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ГИГИЕНА ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ»

БҚО әкімі Ғали Есқалиев өзінің facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы батысқазақстандықтарға хабарлама жасады. 

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы жұққан екі алғашқы жағдай тіркелді.
Бұлар Қазақстан азаматтары, олар аурудың бастапқы белгілері пайда болған кезде жедел жәрдем шақырып, қазір оқшаулау орындарында.
Олардың тезірек сауығып кетуіне, ал дәрігерлерге кәсіби жауапкершілік және шыдамдылық танытуға тілектестік білдірейік.

Инфекция және экономикалық жағдай бойынша көптеген мәселелер туындауына байланысты сұрақтарыңызды WhatsApp +7 700 0 109 109 нөміріне жіберуіңізді сұраймын.
Жиі қойылатын сұрақтарға теледидар немесе Фейсбук арқылы жауап беретін боламын.
Өтініш – тек нақты сұрақтар мен ұсыныстар берсеңіз.
Шағымдар бойынша «109» нөміріне хабарласуыңызды сұраймын.

Сондай-ақ төменде көрсетілген телефондар арқылы сіздің сұрақтарыңызға мемлекеттік органдардың қызметкерлері жауап беретін болады.
Облыстың барлық тұрғындарынан санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ережелерін сақтауды және басқа тұрғындардан, әсіресе, сауда және тамақтандыру орындарында ережелерді сақтауды талап етуді сұраймын!

Аталған инфекциямен күрестің ең үздік тәсілі барынша оқшаулану және жеке гигиена ережелерін сақтау болып табылады!

Ағымдағы күрделі кезең жақын арада аяқталып, біз бұрынғы өмір сүру қалпымызға оралып, еліміздің өркендеуі жолында жұмыс істейміз деп сенемін!

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
364 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
384 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
361 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
402 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»