07 Желтоқсан 2020 1138 0
Қалалықтар қаперінеБҚО ӘКІМІ Ғ.ЕСҚАЛИЕВ АУЫР НАУҚАСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ХОСПИС АШУДЫ ҰСЫНДЫ
Фейсбуктағы «Бизнес в Уральске и Западно-Казахстанской области» парақшасына жазба қалдырған БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңір кәсіпкерлерінің назарына жаңа жобаларды ұсынды.

«Сіздерге жаңа жобалар ұсынғым келіп отыр. Бірақ оны сәтті жүзеге асыру үшін білікті мамандар мен жауапкершілігі мол, жанашыр азаматтар қажет. Біздің облыста ондай азаматтар бар екенін білемін. Өйткені жақында кәсіпкерлермен кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қалыпты өмірге бейімдеу бағытында тәжірибесі бар адамды жолықтырдым.
Ол осы тақырыптағы жобаны іске асыру бойынша бағыт беруге, жүзеге асыруға көмектесуге және сол арқылы қоғамның мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді. Сондықтан мен жаңа жобалар бойынша ұсыныстарды осы парақшаға орналастыратын боламын» деп жазды Ғали Нәжімеденұлы.
Ғали Есқалиев атап көрсеткендей, осындай жобалардың негізгі принциптері:
1. Көмекті қажет ететін адамдардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді;
2. Аталған жобаларды мемлекет ұзақ мерзім негізінде қолдайтын болады;
3. Жоба өзін-өзі ақтайды. Бірақ тиімділігі онша жоғары болмайды.
«Осылайша, адамдардың нақты мәселелерін бірлесіп шешуге көмектесетін жанашыр және білікті кәсіпкерлер бұл ұсынысқа құлақ асады деп үміттенемін. №1 ұсыныс – Орал қаласында хоспис ашу. Бұл жобаның мақсаты – онкологиялық ауруларға шалдыққан үмітсіз адамдарға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау. Жобаны іске асырамын деушілерге мемлекет өз тарапынан төмендегідей қолдау көрсетпек. Онкологиялық диспансердің жанында орналасқан 1977 жылы салынған, ауданы 918 ш.м., ғимаратты жеңілдік шарттарымен берілетін болады. Қажет болса басқа ғимараттар ұсынылады. Ал инвестор өз кезегінде хосписке жабдық сатып алу, қызметкерлерді жалдау және қызмет көрсету сияқты міндеттемелерді алатын болады.
Инвестор жобаға жұмсалған қаражатты, мемлекеттік тапсырыс және қосымша коммерциялық қызметтер көрсету арқылы қайтара алатын болады» – деді облыс басшысы.
Егер жоба қызықтырған болса Тоқсанов Ерлан Виленұлына (онкологиялық диспансердің директоры) +7 777 791 46 05 хабарласуға болады.
Пікір қалдырушылар ұсыныстың құптауға лайық екенін жазуда.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
16 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
79 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
105 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
109 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
103 0

Кіру
Пікір үстеу