БҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Меритократия қағидасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Кадралиев Дархан Қаныбекұлы тағайындалды.

Кадралиев Дархан Қаныбекұлы – 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «физика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының Батыс Қазақстан облыстық штабының координаторы, жетекшісі;
– «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы;
– «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» қоры» корпоративтік қорының директоры;
– «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық саяси бөлімінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі;
– «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс жасады.
2016 жылдан Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы болған Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімі лауазымына тағайындалған болатын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу