БҚО-ДА ЖЕКЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР КӨБЕЙДІ
Батыс Қазақстан облысында биыл алты мектепке дейінгі ұйым ашылады. Оның бесеуі – жеке балабақша. Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы туралы айтты.
2018 жылдың қазан айындағы ұлттық деректер базасына сәйкес облыста мектепке дейінгі білім беру ісімен 507 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оларда 1-6 жас аралығындағы балғындардың 78,9 пайызы, 3-6 жастағылардың 100 пайызы тәрбие мен білім алуда.
2018 жылы өңірде 2020 орынға арналған 26 мектепке дейінгі ұйым ашылған. Оның 20-сы 1 405 орындық жеке балабақша.
2019 жылы 480 орынға арналған 6 мектепке дейінгі ұйымның ашылуы жоспарлануда. Бесеуі жеке инвестициялар есебінен ашылмақ. Шолпан Маратқызының айтуынша, жыл санап жеке мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі артып келеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша жеке мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 12 пайыз. Яғни 61 жеке мектепке дейінгі ұйым бар.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Пікір үстеу