БҚО-ДА ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ӨРІСТЕП КЕЛЕДІ
ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы мәліметтерді ұсынды. Департаменттің есептік мәліметіне сүйенсек, өнеркәсіп өндірісінің салалары бойынша өсім болғанымен, газ конденсатының өндірісі және металл емес минералдық өнімдер өндіру төмен.

2019 жылғы қаңтар-маусымда облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1 251,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 96,3 пайыз.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2019 жылғы қаңтар-маусымда 1131,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты көлем индексі 95,1 пайызды көрсетті. Бұл газ конденсатының өндірісі 5,3 пайызға дейін төмендеуімен байланысты.
Өңдеу өнеркәсібінде жыл басынан бері 89,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 11,2%-ға жоғары. Тамақ өнеркәсібінің үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 32,2% тиесілі. Қаңтар-маусым аралығында 27 388,2 млн. теңгенің тамақ өнімдері, 1522,7 млн. теңгеге сусындар өндірілді. Шұжық өнімдері, сүт, ірімшік пен сүзбе және макарон өндірістері өсті.
Жеңіл өнеркәсіпте 622,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, төсек жаймалары мен жұмыс киімдерінің өндірісі артуда.
Өзге металл емес минералдық өнімдер 5419,1 млн. теңгеге өндірілді. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 90,8% құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тауарлық бетон өндірісі 15,2%-ға төмендеді.
Металлургия өнеркәсібінде 2019 жылғы қаңтар-маусымда өндіріс көлемі 12 235,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 117 пайызды құрады. Болаттан жасалған қырланған табақтар өндіру және болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар өндірісі өсті.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау жөніндегі кәсіпорындарда өндіріс көлемі 26,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 103 пайызды көрсетіп отыр.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жөніндегі кәсіпорындарда өндіріс көлемі 4,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 120,6 пайызды құрады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу