БҚО-ДА ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАНДАНДЫРАТЫН САЛАЛАР ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 мамырдағы №15-ПГВр Қаулысы бойынша, 2020 жылдың 18 мамырынан бастап қызметтерін жандандыратын салалар толықтырылды.

Атап айтқанда, 30 орынға дейінгі ашық үлгідегі жазғы кафелерге сағат 11.00 ден 20.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілді. Ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар)-сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Азық-түлік емес базарлар да сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін ашық болады.
Туристік компаниялар қызметін бастайды. Жұмыс уақыты – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін белгіленген.
Білім беру орталықтары, үйірмелер, балалар даму орталықтары (толымдылығы 10 адамнан аспайтын) -2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып жұмыстарын бастайды. Оларға жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету аса маңызды. Жұмыс уақыты -сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін.
Спорт нысандары (тек ашық алаңда, 30 адамға дейінгі спортшылар үшін, көрерменсіз); теннис корты (30 адамға дейінгі спортшылар үшін, көрерменсіз), барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып жұмыстарын жүргізе алады, Оларға да жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету маңызды.
Мәдениет нысандары (қызметкерлер үшін, 30 адамға дейін, көрерменсіз), барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып жұмсытарын жүргізеді. Жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер)жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету маңызды.
Химиялық тазалау жұмыстары қызмтін ұсынушылар да жұмыстарына кіріседі. Қызмет көрсету уақыты – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Ал 2020 жылдың 20 мамырынан бастап, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында жас ерекшеліктеріне қарай бір кезекші топтан ашылады (біріктірілген бөбекжай және 1-ші кіші, 2-ші кіші, орта, біріктірілген жоғары және мектепке дейінгі топ, бірақ әр жас тобында 15 баладан артық емес). Жатын орын-жайларда кемінде 1 метр қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау маңызды. Соның ішінде жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция, желдету және үй-жайларды кварцтау. Медициналық қызметкер балабақшаның барлық қызметкерлері мен балалардың күн сайынғы таңертеңгілік фильтрін жүргізеді. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар балалар ғана қабылданады (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда). Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулардың белгілері бар қызметкерлер мен балаларды жіберілмейді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу