БҚО-ДАҒЫ ШАРУАЛАР КҮЗГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ТИЯНАҚТАУДА
БҚО-да күзгі жиын-терін жұмыстары аяқтала келді. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 542 мың гектарды құрады. Мал азығы да қажетті мөлшерде жиналды. Ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған субсидиялау бағдарламалары жалғасуда. Бұл туралы БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашев айтып берді.

Биыл 232 мың гектарға дәнді дақыл, 123 мың гектар майлы дақыл, 9 мың гектар аумаққа картоп, бақша өнімдері өсірілсе, 183 мың гектарға мал азықтық дақылдар егілген. Егін орағының басында барлық қажетті техникалар дайындалып, 5000-ға тарта трактор, 1000-ға жуық комбайн және басқа ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Егін ору жұмыстарына Атырау мұнай өңдеу зауытынан бағасы литріне 167 теңгеден болатын 11 мың тонна арзандатылған дизель отыны алынған. Бұл Оралдағы Мұнай базалары арқылы бөлініп берілген. Облыс бойынша лицензиялы сегіз астық қабылдау кәсіпорыны бар, барлық астық қабылдау кәсіпорындары біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы 514,8 мың тонна. Мамандардың сөзінше, бұл облыстағы жиналған астық, майлы дақылдарды сақтауға жеткілікті. Картоп және көкөніс, бақша дақылдары да толығымен жиналды. Денис Омашевтің айтуынша, жалпы 57,5 тонна картоп, 46 мың тонна көлемінде көкөніс өнімі, 24 мың тоннадай бақша өнімі жиналған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу