8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2020 1395 0
Өзек

БҚО-ДАҒЫ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 50 ШАҚТЫ АДАММЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің Aqjaiyq телеарнасындағы баспасөз орталығында өткен брифингінде БҚО тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев коронавирус жұқтырған қос науқастың жағдайы туралы мәлімдеді. 

29  наурыз күні БҚО-да коронавиустың алғашқы жағдайлары тіркелді. Олардың бірі 24 наурыз күні Ресей Федерациясынан Тасқала ауданындағы шекара бекеті арқылы өтіп, Ақсай қаласына барған. 28 наурыз күні денсаулығына байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгініп, Бәйтерек ауданындағы провизорлық стационарға жатқызылған. Екінші азаматша 27 наурыз күні Атыраудан келген. 28 наурызда денсаулық жағдайына шағым айтып, 1406 call-орталығына, 103 қызметіне хабарласқан және «Кумыска» шипажайындағы провизорлық стационарға өз көлігімен келген.

– ҚР мемлекеттік бас санитарының қаулысы бойынша шекара жабылмастан бұрын елден шығып кеткен азаматтардың қайта кіруіне рұқсат беріледі. Ресейден келген 1967 жылғы азаматша шекарадан өту кезінде санитарлық-карантиндік бақылау пунктіндегі барлық рәсімдерден өткен және үй жағдайында оқшауланған. Ауру белгілері елге келгеннен кейінгі төртінші күні байқалған, – деді Нұрлыбек Мұстаев.

Алынған сынамалар нәтижесі олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын растаған. 29 наурыз күні қос пациент облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір жағдайлары қалыпты, тиісті ем алуда.

Эпидемиологиялық тексеріс барысында олармен 10 адамның тікелей қарым-қатынаста болғаны анықталған. Қазір бәрі де провизорлық стационарға орналастырылып, медициналық бақылау жүргізілуде. Сондай-ақ қандай-да байланыста болған 43 адам үй жағдайында оқшаулануда.  Олардың қатарында сол азаматтар тұрған үй подъезінің тұрғындары да бар.

– Мекенжайлары бойынша  дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді және тұрғын үйге шектеу шаралары белгіленді. Сырттан азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе басқа да қажетті заттарды алу үшін ол үйлерден тек бір ғана адам қорғану құралымен шыға алады немесе ол заттарды тапсырыспен үйге алдырта алады, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, өңірдегі медициналық мекемелерде вирусқа қарсы емдеу  препараттары жеткілікті.

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге 92 адам стационарларға жатқызылған. Олардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында. 45 адам – «Кумыска» провизорлық госпиталында, тоғызы – Бәйтерек ауданындағы провизорлық госпитальда. Сондай-ақ 36 адам «Ивушка» карантиндік стационарында.  614 адам үй жағдайында оқшауланып отыр. Барлығы медициналық бақылауда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
28 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
147 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
403 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
661 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
903 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
937 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1091 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1285 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1519 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1606 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1716 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1725 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1753 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1758 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1862 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2082 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»