БҚО-ДАҒЫ КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛҒАН 16 АЗАМАТ РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН
19 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясымен тіркелген 16 науқастың сегізі – Түркістан облысының, алтауы – БҚО-ның тұрғыдары. Барлығы – Ресей Федерациясында вахталық әдіс бойынша жұмыс жасайтын азаматтар. Сондай-ақ, 2 азамат – РФ Саратов қаласынан келген Жамбыл облысының тұрғындары.

16 пациенттің 14-і РФ Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» бекеті, 2-і Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» бекеті арқылы жаяу өткен. Байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде дене қызуының көтерілуі байқалмаған және денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 16 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 19 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 60 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу