8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2021 1923 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ «ASHYQ» ЖОБАСЫМЕН ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАЙДЫ

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры қауіпсіз қызмет жүргізуге арналған «Ashyq» қосымшасымен жұмысын қайта бастайды.

Бұл пандемия кезінде тұралап қалған бірнеше нысанға тиімді болмақ. Айта кетейік, жоба республика көлемінде пилотты түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл біз бен сіздің қауіпсіздігіміз үшін тиімді жоба.

Көрермендер «Ashyq» мобильдік қосымшасын ұялы телефондарына орнатып алулары қажет. Бағдарламаның нұсқаулығына сәйкес, егер өңір қызыл аймақта тұрса, залдың 30 пайызын, ал сары аймақта болса 40 пайызын, жасыл аймақ үшін 50 пйаызын ғана толтыруға рұқсат етілген. Залда карантиндік талапқа сай арақашықтық сақталады. Келушілер маска тағып, санитарлық талаптарды сақтауға міндетті.

Көрермен театрға келгеннен кейін бағдарлама арқылы кіре берісте тұрған QR кодты сканерлеп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, нәтижесін бақылаушыға көрсетеді. Ал ұялы телефон болмаған жағдайда, жеке куәлікті ұмытпау қажет. Театр қызметкері көрерменнің жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы денсаулық статусын анықтайды.

Ал түстердің мағынасы қандай? Толығырақ тарқатайық.

QR-кодты сканерлегеннен кейін телефонда мәртебеңізді анықтайтын белгілі түс жанады:

жасыл түс – дерекқорда COVID-19 ПТР-тестілеуден өтіп, нәтижесі теріс болған адам ретінде белгіленген;

көк түс –ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, науқаспен байланыста болған адам ретінде тіркелмеген;

сары түс – науқаспен дерекқорда байланыста болған деп белгіленген;

қызыл түс – дерекқорда COVID-19-ға тексеру оң нәтиже берген адам ретінде тіркелген.

Жасыл және көк түсті мәртебені иеленген көрермен театрға шектеусіз кіре алады.

Егер мәртебеңіз қызыл немесе сары жанса, онда театрға кіруге тыйым салынады.

 

Динара Насыр

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық

қазақ драма театрының

ақпарат бөлімінің жетекшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»