БҚО-ДАҒЫ АУЫЛДАРДА МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ
Бүгін, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесу кезінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев цифрландыру аясындағы жұмыстарға тоқталды.

Бүгінгі таңда батысқазақстандықтардың 96 пайызы ұялы байланыспен қамтамасыз етілген. Алайда, ұялы байланыс пен интернеттің сапасына қатысты шағымдар бар. Осы орайда өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы биыл ұялы байланыс жоқ, тұрғындары аз елідмекендерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету мәселесін шешу және 86 ауылда мобильді интернеттің жылдамдығы мен сапасын арттыру жоспарланғанын жеткізді.
Өткен жылы мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы электронды түрде көрсетілген. Бұл – жақсы көрсеткіш. Ең көп сұранысқа ие болған қызметтер – дәрігерге жазылу, ветеринариялық паспорт беру, балаға туу туралы куәлік беру, жер учаскесінің мақсатын өзгерту. Облыс әкімі атап өткендей, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Осы орайда аудандар мен Орал қаласының әкімдері метептерде немесе медициналық мекемелерде халыққа өзін-өзі қызмет ету бұрыштарын ұйымдастыруы қажет.
2019 жылы құрылған IT-HUB мемлекеттік органдардың да, жеке компаниялардың да міндеттерін цифрландыру арқылы шешуге көмектеседі. Мысалы, әкімдік үшін «109», «112» жобалары, stopcovid.kz сайты іске асырылды, жеке компания үшін мемлекеттік қызметтерге бірыңғай төлем құжаты жасалды. Мемлекеттік органдар мен компаниялар бизнестерін немесе мелекеттік органның жұмысын оңтайландыруда IT-HUB алаңын белсенді қолдануы қажет.
– Қазір Smart Aqsai жобасы әзірленуде. Жоба аясында заманауи бейнебақылау камераларын, жарықтандыру құрылғыларын орнату, деректер қорын интеграциялау қарастырылған. Осындай жұмыстарды жүйелі түрде барлық аудан орталықарында жүзеге асыру қажет, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау

Кіру
Пікір үстеу