8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қаңтар 2021 1330 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДАҒЫ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕР «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА КӨШЕДІ

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  БҚО бойынша департаменті  хабарлады.

Жыл қорытындысы бойынша Орал қаласы мен Бөрлі ауданының әкімдері халықпен тиімді қызмет атқарғаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. 2021 жылдың 2 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев Агенттік төрағасының Құрмет грамотасын Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке және алғысын Бөрлі ауданының әкімі  Миржан Сатқановқа тапсырды.

Орал қаласындағы «Ашық әкімдік» қызметі 2017 жылы ашылып, тұрғындарды қабылдау жүргізуде. 2020 жылы «Ашық әкімдік» Орал қаласының Зашаған кентінде ашылса, Деркөл кенті әкімдігі Open space форматына көшті.

Бөрлі ауданында «Ашық әкімдік» қызметі аудан және Ақсай қаласы үшін қызметтер көрсетуде. Сонымен қатар, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудандық бюджеттен 2 млн теңге қаржы бөлінді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін өңірдің барлық аудан әкімдіктері «Open Space» форматындағы мемлекеттік және консультациялық қызметтер кешенін көрсетуді қарастыратын қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшіп, жұмыстар «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»