8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қазан 2018 2093 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ 92 ЕЛДІМЕКЕН ҮШ ЖЫЛДА ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді халыққа түсіндіру үшін облысымызға республикалық орталық органдардың өкілдері келіп, әр түрлі сала қызметкерлерімен кездесуде. Бүгін ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, Жолдау жүктеген міндеттерді және БАҚ саласындағы кейбір мәселелерді талқылады.

Вице-министр алдымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, Орал қаласы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесі жұмысымен танысты.

Елбасы Жолдауындағы басты бағыттың бірі – азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру. Бұл ретте көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электронды форматқа көшіру тапсырылды. Бүгінге дейін ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан осы мақсатта жұмыстар жасалуда. Электронды үкімет порталы іске қосылып, өткен жылы 34 млн. мемлекеттік қызмет портал арқылы жүзеге асырылған. Қызметтерді ұсынуда проактивті қызметтер, мобильді қосымшалар белсенді енгізілуде. Яғни, Елбасы тапсырмасын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы уақытылы, сапалы орындауға мүмкіндік бар. Бұл халықтың өздеріне қажетті қызметіне қол жеткізуде уақытын және қаржысын үнемдеуде нәтижелі болмақ. Вице-министр Нұргүл Мауберлинованың мәліметінше, қазіргі уақытта көрсетілетін 847 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған, соның 452-сі қағаз күйінде және электронды форматта қолжетімді.

– Азаматтарда әлі де ХҚКО-на барып, белгілі бір кабинеттен міндетті түрде қағаз алу керек деген менталитет бар. Біз халыққа сол мемлекеттік қызметті электронды цифрлы қолтаңба арқылы үйде отырып-ақ алуға болатынын түсіндіріп, жеткізуіміз керек, – деді Нұргүл Өсербайқызы.

Талап етілетін құжаттар да азайтылады. «Анықтамасыз қызмет» жобасы аясында биыл азаматтардан сұралатын 20 млн.-нан астам анықтама қысқартылады. Мәселен, Білім және ғылым министрлігі оқушыны мектепке қабылдауда мекенжайлық және ата-ананың жұмыс орны туралы анықтаманы алып тастады. Осы қазан айынан зейнет жасына жеткен азаматтар үшін зейнетақыны рәсімдеу жеңілдетілуде. Енді барлық зейнетақы төлемін тағайындау бір ғана өтінішпен іске асырылады.

Бүгінде хабар таратудың сандық форматына көшу мәселесі жиі айтылып келеді. Аталмыш министрлік қазір осы мәселемен айналысуда. Нұргүл Мауберлинованың сөзінше, биыл Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы сандық эфирлік хабар таратуға көшеді. Ал Батыс Қазақстан облысы бұл форматқа 2020 жылы көшеді деп жоспарланған. Дайындық жұмыстары үшін келесі жылдан құрылыс басталмақ. Ауыл-аймақтың интернетке қолжетімділігі де министрліктің назарында. Ауылдық аймақтарға интернет желісін тарту облысымызда халық санына қарай 2012 жылдан бастап қолға алынған еді. Цифрлық теңсіздікті жою мақсатында 2018-2021 жылдар аралығында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында барлық ауылдарды интернетпен қамту көзделіп отыр. Жоба бойынша 2021 жылға дейін өңірде 92 елдімекен интернетпен қамтылады. Ал қалған 50-ден жоғары халқы бар ауылдық мекендер LTE технологиясы арқылы сымсыз байланысқа қосылмақ. Сондай-ақ 2020 жылдың соңына дейін барлық ұялы байланыс операторлары 500-ден жоғары халқы бар елдімекендерді сапалы байланыспен қамтамасыз етуге міндетті болады.

Жергілікті БАҚ өкілдері Елбасы Жолдауына үнқосуларын білдіріп, БАҚ саласын дамытуға қатысты мәселелерді, ұсыныстарды ортаға салды. «Жайық Пресс» медиахолдингі директорының орынбасары Ғ.Сейтақ бағаны тұрақтандыруда монополист мекемелер бағаны көтеруді ойламай, өзінің ішкі резервтерін іске қосуы қажеттігін айтты. Мәселен, «ҚазПошта» АҚ газет-журнал таратудағы монополист мекеме. «ҚазПошта» бағаны өсірсе, газет-журнал редакциялары соған көндігуге мәжбүр. Өйткені алыс аудан-ауылдарға газет жеткізетін басқа мекеме жоқ. Бәсекелес ортаның болмауы, газет бағасының өсіп, оқырман қалтасын ортайтуға әкеліп отыр.

«Жайық үні – Жизнь города» газетінің директоры-бас редакторы М.Шүйіншәлиева газетті шығарудың шығыны көптігін, заманға сай оқырманның көпшілігі ақпаратты электронды түрде оқуды жөн көретінін айтып, мемлекеттік тапсырыстарды сайт арқылы орындауға көңіл бөліп, бұл ретте аймақтардағы сайттардың мүмкіншілігін ескеру қажеттігін айтты. «Qazaqstan» РТРК Батыс Қазақстан облысы филиалы «Aqjaıyq» телеарнасы директорының орынбасары К.Қамбетова БАҚ өкілдері баспана алуда жеңілдіктер қарастырылған ешқандай санатқа енбегендіктен, пәтерге қол жеткізе алмай отырғанын, сәйкесінше келген кадрларды тұрақтандыру қиын екенін жеткізді. Басқа да қатысушылар мемлекеттік сатып алу саласына қатысты ескерілуі тиіс мәселелерді қозғады. Вице-министр БАҚ өкілдері көтерген мәселелердің әрқайсысына тоқталып,  түсініктеме берді.

– Аймақтардағы газет-журналдар «ҚазПоштаның» қызметіне қанша ақша төлеп отырғаны туралы ақпарат жинауымыз керек. Өйткені министрлік тарапынан газет-журналдарды жеткізу үшін «ҚазПошта» АҚ-қа субсидия беріледі. Толық ақпарат жиналған соң, сараптама жасалатын болады.  Газет сататын дүңгіршектерге қатысты сауалдар да аз түсіп жатқан жоқ, – деген Нұргүл Өсербайқызы өткен жылы газеттерді сату үшін Алматы және Астана қалаларындағы ХҚКО-да дүңгіршек жасақталғанын жеткізіп, сондай дүңгіршектерді біздің өңірдегі ХҚКО-да ашуды ұсынды. Интернет-ресурстары мен газеттерде ақпарат орналастырудың айырмашылығына маңыз беріп, газеттердегі материалдар сараптама күйінде болуы керегіне басымдық берді.

Нұргүл Мауберлинованың айтуынша, республикадағы оқу орындарында  журналистика саласына мамандарды дайындайтын 45 кафедра бар. Алайда, жүргізілген тәжірибе бірер жылда маман атанар қазіргі 3-4 курстарда оқитын студенттердің дайындық деңгейі өте төмен екенін көрсеткен. Сондықтан министрлік журналистерді дайындауда шаралар қабылдауды қолға алуда.

Эльмира НҰҒМАНОВА  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
494 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
573 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
576 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
612 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
627 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
997 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1125 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1160 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1435 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1443 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1574 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1867 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1966 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1991 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2202 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»