Жеңіс күнімен құттықтады
Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына – 79 жыл.

9 мамыр Жеңіс күні Батыс Қазақстан облысыныңәкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы «Жеңіс» алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараға еңбек ардагерлері, құқық қорғаусаласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.
Жиналғандар сұрапыл соғыс жылдарында кеудесін отқа тосып, бейбітшілік үшін күрескен батырларға тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне барды.
Атап айтқанда, Нариман Төреғалиев соғыс ардагерлері – Иван Гапичті, Вениамин Скаленконы және тыл ардагері – Ақбай Жайсаңды Жеңіс күнімен құттықтады.
Облыс әкімі соғыс ардагерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан құттықтау хаттарын табыс етті.
«Ардагерлеріміздің ұлы ерлігін әрбір қазақстандық құрметтеп, есте сақтауы керек. Сіздердің арқаларыңызда қазіргі ұрпақ бейбіт күнде өмір сүріп жатыр. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің ортақ парызымыз. Оларға қолдау білдіру әрқашан мемлекеттің басты назарында болады» –деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында ҰОС-ның 14 ардагерлері бар. Биыл 9 мамыр қарсаңында олардың әрқайсысына 1,5 млн.теңгеден әлеуметтік көмек берілді.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру