БҚО-ДАҒЫ 182 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫ ASHYQ ҚОСЫМШАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатпай, яғни локдаунға жібермей жұмысын сақтап қалу мақсаты қойылған. Сол тұрғыдан Ashyq цифрлық-бақылау жүйесі іске асырылып отыр. 26 сәуірден бастап Үкіметтің шешіміне сәйкес бұл жоба барлық өңірге таратылды.
БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың мәліметінше, облысымзда Ashyq қосымшасы 14 сәуірден бастап енізілуде. Бұл қосымша халық көп жиналатын орындарға ауру белгілері бар және науқастармен байланыста болған адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. Әр нысанның санитарлық құжаттары жасақталып, орта және кіші бизнес нысандарына азаматтарға ауру жұқтырмай жұмыс жасауына рұқсат беріледі. Бүгінгі күні, яғни 5 мамырдан бастап облыстағы фитнес клубтар, spa-орталықтар, бассейндер, компьютерлік клубтар, театр, кинотеатр, филармониялар Ashyq қосымшасымен жұмыс жасауда. Жалпы өңірдегі 182 кәсіпкерлік нысаны Ashyq қосымшасына QR-кодтарын алып жұмыстарын бастаған.
– Ережеге сәйкес, 1 апталық тестілік режим қарастырылған. 182 ныснаның 44-і тестілік режимді өткізіп, ресми түрде жұмысқа кірісті. Қалғандары 1 апталық оқуды жалғастыруда, – деді Нұржан Ерболатұлы.
Ashyq мобильді қосымшасына қосылу үшін кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану орындарынан басқалары өтінішті InfoKazahkstan платформасы арқылы беріледі. Кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану орындары салалық қауымдастық арқылы береді. Өтінім беруден бастап, рұқсат берілген нысандар тізімінің әкімдік сайтына орналастыруға дейінгі процесс мерзімі 9 күннен аспайды.
Ashyq жобасын енгізу және мәртебені анықтауда тиісті алгоритм бекітілген. Кәсіпкерлер келушілердің мәртебесін qr-код немесе ЖСН арқылы тексереді. Олардың мәртебелері «көк», «қызыл», «жасыл», «сары» түстердің жануы бойынша анықталады. «Қызыл», «сары» мәртебесі бар, оқшаулануға жататын азаматты анықтаған кезде растайтын материалдарды уәкілетті органға ұсынуы тиіс. Олар нысанға кіргізілмейді.
«Жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен немесе екі компонентпен вакцинацияланған адам.
«Көк» мәртебе – ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болмаған.
«Сары» мәртебе – деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болғанын көрсетеді.
«Қызыл» мәртебе – деректер базасына COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, яғни ауру жұқтырған адам.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу