8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2019 2265 0
Жалын

БҚО-ДА «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Бүгін  Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі базасында жастар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттер арасында «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша«WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты басталды.
Чемпионат Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы  және Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өтуде.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау,  WorldSkills Ұлттық чемпионатына қатысу үшін өңірлік құрамды дайындау.
Чемпионатқа «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша  Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі, Бәйтерек ауданындағы колледж, Тайпақ колледжі, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі,  Шыңғырлау колледжі, Бөкей ордасы колледжінен   студенттер қатысуда.
Ең үздік жұмысшы мамандықтарын анықтау үшін 2 күн қатар 6 сарапшы қатысушылардың орындаған тапсырмаларының сапасын бағалайтын болады. Үздік деп танылған қатысушылар сәуір айының соңында Орал қаласында өтетін қорытынды шарада марапатталады.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
105 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
79 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»