8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2020 1313 0
Қоғам

БҚО-ДА «ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ» САЙЫСЫ ӨТТІ

  Орал орталық  мешітінде «Әуезді Азаншы» атты облыстық азаншылар жарысы ұйымдастырылды. Аталмыш  сайысқа 12 азаншы қатысты.  Бұл туралы ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыс екі кезеңнен тұрды. Қазылар алқасында ҚМДБ-ның БҚО бойынша Бас имамы Мұратбек Қыстаубаев, наиб имамдар Самат Алибаев пен Ерденбек Ихсанов төралық етті. Қазылар алқасы алғашында азаншының тәджуиді мен мақамына мән берсе, келесі кезеңінде азан тақырыбы аясында  сұрақтар қойылды.

Жарыс қорытындысында облыстық орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбеков бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын  Орал орталық мешіншінің наиб имам Мейрамбек Әбдрахманов иемденсе, үшінші орын Түлбаев Мұхамед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Саят Қанатқалиға бұйырды.

Барлық қатысушыларға мадақтама  дипломы табыс етіліп, бірінші орын алған Асхат Асылбекұлына Маңғыстау облысында өтетін  республикалық «Әуезді Азаншы» сайысына жолдама берілді.

 

 

                       

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»