8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2022 1833 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ТЖ АЛЫНҒАНЫМЕН, БЛОКПОСТТАР ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Батыс Қазақстан облысында ТЖ алынғанымен, блокпостар жұмыс жасап жатыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өңірде бүгін сағат 07.00-ден бастап төтенше жағдайдың күші жойылған болатын.

Облыста барлық шағын және орта бизнес нысандарының, сауда орталықтары мен базарлардың жұмысы жанданып, банк филиалдары ашылды. Әуе қатынасы да қалпына келтірілді.

Дегенмен өңірде блокпостар жұмысы сақталып отыр. Мұндай шешім экстремистік және террористік іс-қимылды ұйымдастырушыларды анықтау және ұстау мақсатында қабылданды. Барлық шектеу шаралары, коменданттық уақыт алынып тасталды. Заңды және жеке тұлғалардан уақытша алынған қарулар қайтарылуда.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, ТЖ уақытында 903 адам полицияға жеткізілді. Соның 91-іне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 476-бабына (төтенше жағдай режимiн бұзу) сәйкес іс қозғалды. 10 адам әкімшілік қамаққа алынып, 62-сіне ескерту берілді. 19 материал сотта қаралуда. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 488-бабына (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) сәйкес 6 адам жауапқа тартылды.


https://www.inform.kz/kz/bko-da-tzh-alynganymen-blokpostar-zhumysyn-zhalgastyruda_a3885289

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»