БҚО-ДА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУРУШАҢДЫҚ ТӨМЕНДЕДІ
24 наурыз – Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні. Осыған байланысты 12 наурыз күні ШЖҚ «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» МКК ашық есік күнін өткізді. Облыс тұрғындары туберкулезге тегін тексеруден өтіп, дәрігер-фтизиатрдан кеңес ала алды.
– Бүгінгі таңда өңірде туберкулез аурушаңдығының көрсеткіші төмендеуде. Мысалы, 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 310 жаңа туберкулез оқиғасы тіркелді, немесе 47,7%. Бұл 0,8%-ға төмендегені байқалады. 2017 жылы 100 мың адамға 48,1%-ға төмендеді. Өлім көрсеткіші 3,8%-ға төмендеді және 100 мың тұрғынға 2,5 құрады. Туберкулездің таралуы (жаңа және қайталанған жағдайлар жиынтық) 100 мың тұрғынға шаққанда 79,3 құрап, 4,6%-ға төмендеді (2017 ж. – 83,1). Рецидивтердің үлес салмағы 39,8% құрап, 5,5%-ға төмендеді (2017 жылы – 42,1%). 18 жасқа дейінгі балалардың ауруы 9,3%-ға төмендеді және 100 мың тұрғынға шаққанда 9,8 құрады (2017 ж. – 10,8), – дейді «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ШЖҚ МКК директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұргүл Ихсанова.
Туберкулез – жұқпалы ауру. Сондықтан жылына 1 рет өкпені флюорографиялық тексеруден өткен жөн. 2 аптадан астам жөтелдің болуы, тәбеттің және салмақтың төмендеуі, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы сияқты симптомдарға назар аудару керек.
– Сондай-ақ, 2019 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде туберкулезбен ауыратындарға медициналық – әлеуметтік көмек көрсету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1,6 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылғанын атап өту қажет, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нуржамал Жумағұлова.
Версия для печати
Пікір үстеу