БҚО-ДА ТОҒЫЗ НАУҚАС ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫНА ҚОСЫЛДЫ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова коронавирустық инфекциямен тіркелген науқастардың жағдайы туралы мәлім етті.

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 46 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 24,9%-ды құрайды. 359 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 126 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 35,1%-ды құрайды. Олардың ішінде 39 реанимациялық төсек-орында 10 науқас ем алуда. Толымдылығы 25,6 %-ды құрайды.
– Олардың ішінде 40 пен 60 жас аралығындағылар 2 адам, 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар – 6 адам, қалғандары 80 жастан асқандар. Пациенттердің барлығында қосымша созылмалы аурулар бар. атап айтқанда, 9 науқас жүрек-қан тамырлары ауруы болса, біреуі – қант диабетімен есепке алынған. Бүгінгі күні Инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 5 науқас қосылған және оттегі концентраторына 9 науқас қосылған, – деді Гүлнара Мақсотқызы.
БҚО бойынша жалпы коронавирус жұқтырудың 7 912 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдық науқастар саны 3889, симптомсыз науқастар саны 4023-ті құрайды. Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 90,8 %-ы (7188 адам) аурудан жазылды. Олардың 3329-сі стационарлық емнен жазылып шыққандар, ал 3859-сі амбулаторлық емнен жазылғандар. Қараша айы бойынша инфекциядан жазылғандар саны 355 адамды құрады. Жалпы 131 адам көз жұмды.
БҚО халқы бойынша жалпы аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 1199,9-ды құрайды. Аурушаңдықтың өсу қарқыны – 0,57. Бүгінгі таңда жағдай тұрақты.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу