БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 41 АДАМНАН КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді.

Облыс бойынша COVID-19 7912 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 3889, симптомсыз – 4023 жағдай, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1198,9 құрады. Індеттен 7134 адам сауығып, өкінішке орай 131 адам қайтыс болды.
1-26 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 888 жағдай тіркелген, оның ішінде 407 жағдайда ауру белгілері бар болса, 481 жағдайда – ауру белгілері жоқ.
Орал қаласы бойынша барлығы 567 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 63,8% құрады. Бәйтерек ауданында – 130 жағдай, Бөрлі ауданында – 63, Шыңғырлау ауданында – 31, Теректі ауданында – 30, Казталов ауданында – 18, Жәнібек ауданында – 12, Тасқала ауданында – 12, Жаңақала ауданында – 9, Сырым ауданында – 6, Ақжайық ауданында – 6, Қаратөбе ауданында – 3, Бөкей ордасы ауданында бір жағдай тіркелді.
Аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 404 адамда (45,4%), ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 271 адамда (30,5%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 131 адамда (14,7%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 82 адамда (9,2%) анықталды.
– Облыста өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 41 жағдай тіркелді, оның ішінде 22 жағдайда ауру белгілері бар болса, 19 жағдайда ауру – симптомсыз. Қарым-қатынаста болғандар арасында – 29, ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында – 10, профилактикалық мақсатта тексерілгендер арасында – 2 адамда анықталды, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
1-26 қараша аралығында облысымызда мемлекеттік шекарадан барлығы 21468 адам өтті, оның ішінде 3933-і – жолаушы, COVID-19 анықтамасынсыз – 423 жолаушы өткен. Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, оның 7-еуінде тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. БҚО арқылы өткен 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 7641, оның ішінде 4841 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 2800 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест 23 адамда оң нәтиже көрсеткен.
Үстіміздегі жылдың қараша айынан бері облыс бойынша барлығы 38969 адам зертханалық тексеруден өтті, ал індет басталғалы – 200567 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР диагностикасы үшін 56963 зерттеуге арналған 1139 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу