БҚО-да «Тазару» күніне арналған жаппай сенбілік өтті
2025 жылғы 23 наурыз күні Орал қаласының аумағында «Тазару» күніне орай ауқымды сенбіліктер өтті. Бұл шаралар «Наурызнама» тұжырымдамасы және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Сенбіліктердің басты орындарының бірі «Агрореммаш» зауытының маңындағы «Халықтар достығы» саябағы болды. Сенбілікке Орал қаласының әкімі М.Байменов пен қалалық әкімдіктің қарасты құрылымдық бөлімшелер қатысты.

«Тазару» күні «Наурызнама» мерекелік шараларының маңызды бөлігіне айналды. Біз қаламыздың күннен күнге таза және көрікті болуын қалаймыз. Бүгінгі таңда жастар осындай акцияларға белсенді қатысып, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсінуде. Сенбіліктер тек тазалық жұмыстары емес, сонымен қатар халықты бір-бірімен жақындастыратын, бірге еңбектеніп, қаламызды жайлы әрі әдемі ете алатынымызды көрсететін шара», – деді Орал қаласы әкімдігінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Д.Жүсіпқалиев.
Бүгінгі күні Орал қаласында өткен санитарлық тазалық жұмыстарына 59 мыңнан астам тұрғын мен 1600-ге жуық мекеме мен кәсіпорын қатысқан. Акция аясында 8 мыңнан астам аула, соның ішінде 1003 көпқабатты тұрғын үйдің және 7 мың жеке тұрғын үйдің аумақтары тазартылды. 92 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 25 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар 2400-ден астам тротуар плиталары жөндеуден өтті.
Облыс бойынша әлеуметтік нысандар мен мәдени мұралар аумағын тазартуға ерекше көңіл бөлінді. 489 әлеуметтік нысан мен 127 тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтары тазартылды. Экологиялық іс-шараларды жүзеге асыруға 725 техника жұмылдырылып, 24 700 тонна қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, заңсыз қоқыс тастау орындарымен күрес аясында «Ғарыш сапары» АҚ анықтаған 77 үйіндінің 61-і жойылып, қалған 15 қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда.
«Таза Қазақстан» акциясы мен «Тазару» күні экологиялық мәселелерді шешуде халықтың қатысуының маңыздылығын көрсетті. Қала тұрғындары бірлесіп қаламызды таза және жайлы етуге атсалыса алатынын дәлелдеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру