БҚО-ДА ТӨРТ КҮНДЕ АЛТЫ АДАМ СУҒА КЕТТІ
Қайғылы оқиғалар осы аптада, 4-8 шілде аралығында болған. БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковинигі Ақылбек Ахметжановтың мәліметінше, ауа-райы температурасының жоғарылауына байланысты су айдындарында шомылушылар қатары артқан. Алайда, қауіпсіздік сақтамау оқыс жағдайларға әкеліп отыр. Өкініштісі суда қаза болғандардың төртеуі бала.

4 шілде күні сағат 17.10-да Орал қаласындағы «Этих дней не смолкнет слава» ескерткіші маңында, Шаған өзенінде жабдықталмаған суға шомылатын жерде шомылу кезінде 2003 жылғы жасөспірім суға батып кеткен. Ол достарымен келген. Судың температурасы 19 -С болған. Сағат 20.00-де Орал қаласындағы ТЖД күшімен 2003 жылы туылған жасөспірімнің денесі табылып және судан шығарылды.
Дәл осы күні сағат 20-05-те Орал қаласы, Пугачев көшесі Стелла маңындағы Жайық өзенінде ТЖД күшімен (4 қызметкер және 1 қайық) 1984 жылы туылған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Ол сағат 19-30-да жабдықталмаған суға шомылатын жерде шомылу кезінде батып кеткен. Жанында достары болған және олар алкоголь ішкен, судың температурасы 19-С болған.
6 шілдеде Орал қаласы, Рыбцех ауылы Шаған өзенінде сағат 20.30-да жабдықталмаған суға шомылатын жерде шомылу кезінде алты жасар бала суға батып кеткен. Ол туысқандарымен бірге болған. Сағат 21.04-те баланың денесін туысқандары тауып, судан шығарды.
6 шілдеде сағат 22.00-де Орал қаласы, Желаев ауылы маңындағы тереңдігі 3 метр болатын «Русские бани» қолдан жасалған су айдынында жағадан 6 метр жерден, жергілікті тұрғындардың күшімен 2004 жылы туылған жасөспірімнің денесі табылып, ол судан шығарылды. Ол сағат 21.30-да жабдықталмаған суға шомылатын жерде шомылу кезінде батып кеткен. Қасында досы болған, судың температурасы 18С.
7 шілде күні сағат 18.00-де Орал қаласы Серебряков ауылы тұсындағы Көшім каналына 2009 жылғы қыз баланың батып кеткені туралы хабар түсіп, сағат 18.17-ден бастап ТЖД ЖҚЖ күшімен (4 қызметкер және 1 бірлік техника) кәмелетке толмаған қыз бала іздестірілді. Ол достарымен болған, судың температурасы 19 -С. Сағат 21.00-де жергілікті тұрғындар судан мәйітті тауып алды.
8 шілде күні сағат 08.51-де Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Жайық өзенінің жайылмасынан (тереңдігі 2,5 метр, ені 45 метр), ТЖД ЖҚЖ күшімен (4 қызметкер, 1 жүзу құралы және 1 бірлік техника) 7 шілде күні сағат 22.00-де белгісіз жағдайда суға батып кеткен 1989 жылы туған ер адамның мәйіті табылды және судан шығарылды. Ол жағалауға достарымен бірге барған және спирттік ішімдік ішкен.
Жыл басынан бері облыс аумағында жалпы 10 адам суда сөз жұмған, оардың алатуы кәмелетке толмағандар. Ақылбек Ахметжановтың айтуынша, балаларға қатысты қайғылы оқиғалардың бесеуі – ата-анасы тарапынан бақылаудың болмауы себебінен орын алған.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу