БҚО-ДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы мәліметтерді ұсынды. Департаменттің есептік мәліметіне сүйенсек,құрылыс саласында қарқын бар. Пайдаланылуға берілген тұрғын үйлердің көбеюі Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Бәйтерек, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында байқалады.

2019 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 52 858,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 117,3 пайызды құрады.
Биыл 956 жаңа ғимарат, оның ішінде 896 тұрғын үй және 60 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға беріліп үлгерді. Тұрғын үй құрылысына 27 240,5 млн. теңге инвестиция бағытталған. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,6 пайызға артық. Қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 245,8 мың шаршы метрді құрады.
Бюджет қаражаты есебінен 5,8 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық үйлер, жұртшылық қаражаты есебінен 180,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер, кәсіпорынның меншіктік қаражат және басқа да қарыз қаражаттар есебінен 59,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу