БҚО-ДА ТҰМАУДЫҢ ЕҢ ҚАТЕРЛІ ТҮРІ ТІРКЕЛДІ
1 желтоқсаннан тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың эпидемиялық кезеңі басталды. БҚО-да тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аурушаңдылық 24,2% төмендеген.
БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Жайдар Құрмановтың мәліметінше, биыл жіті респираторлық вирусты жұқпалармен 5 662 жағдай тіркелген. Ауырғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. 2018 жылдың 49 аптасында облысымызда тұмау вирусының қоршаған ортадағы айналымы байқалып, тұмаудың А (H1N1) вирусының 1 жағдайы тіркелген. А вирусы – тұмаудың ең қатерлі түрі.
– Тұмау және ЖРВЖ негізгі алдын алу шарасы вакцинация болып саналады. Жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы 60 мың доза вакцина сатып алынды. Облыста 65 378 адам вакцина алды. Бұл облыс тұрғындарының 10,2%-ы, – деді Жайдар Бисембайұлы.
Жайдар Құрмановтың баяндауынша, 2018-2019 жылғы эпид.кезеңде тұмаудың 3 штаммасы айналымда болады. A (H1N1) – Мичиган, A (H3N2) – Сингапур, сонымен қатар B – Колорадо. Бұлар – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен Қазақстанда қолданылатын вакциналардың құрамына енгізілген.
Версия для печати
Пікір үстеу