8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қазан 2023 2101 0
Оқиға

БҚО-да полиция қызметкерлері бірнеше үйге ұрлыққа түскен жігітті қолға түсірді


БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы аумағында бірнеше үйді тонаған 35 жастағы қала тұрғынын анықтап, қолға түсірді.

Күдікті азаматты ұстау кезінде одан бірнеше заттай айғақтар: банкомат карточкалары, жәбірленушілердің телефондары табылып, тәркіленді. Күдікті 21 қыркүйекте қаладағы Воин-интернационалистов көшесінің бойындағы үйлердің бірінен 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты және банкомат карточкаларын ұрлап кеткен.

Сондай-ақ аталған күдікті Деркөл ауылындағы үйлердің бірінен ақша, телефон және әшекей бұйымдарды қолды қып кеткен. Шығын 265 мың теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек қазанның 15 күні дәл сол күдікті азамат Кердері көшесіндегі үйден құны 1,5 миллион теңге болатын алтын бұйымдар мен банкомат карточкаларын жымқырып кеткен. Күдікті үйлерге пластикалық терезелерді майыстырып кірген. Ұсталған азамат Орал қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес 3 эпизод бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Дереккөз: polisia.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
15 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»