8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Шілде 2020 998 0
Қоғам

БҚО-ДА ҚОСЫМША ПРОВИЗОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАЛАРЫ АШЫЛАДЫ

Бүгінгі күні дәрі-дәрмектер тапшылығын азайту үшін облысқа жаңа дәрі-дәрмек партиялары жеткізілуде. «Талап» АҚ дәріханаларна 300 000 парацетамол, 45 000 пакет ацетилсалицил қышқылы, «Стофарм» ЖШС дәріханаларына 2000 цефтриаксон, 1000 дана цеф 3, 150 дана №50 гроприносин алынды. 4 шілде күні «Медсервис Плюс» ЖШС-не 75 300 дана антибиотиктер жеткізіледі.

2020 жылдың 10 шілдесіне дейін облысқа парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, анальгин, антибиотиктердің қосымша партиялары жеткізілетін болады.

Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі арқылы ресейлік өндірушілермен антипиретикалық, қабынуға қарсы препараттар мен антибиотиктерді жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Беларусь Республикасының Борисов зауытымен келісімдер бар.

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін негізгі дәріханалардың иелерімен дәрі-дәрмектерді (антивирустық, антипиретикалық және антибиотиктер, дәрумендер, антикоагулянттар, қабынуға қарсы) белгіленген бағамен және бір адамға 5 данадан артық сатпау туралы келісім жасалды. Тұрғындар бактерияға қарсы және вирусқа қарсы препараттар дәрігердің келісімі бойынша сатылатының ескеру қажет.

Сонымен қатар, қалалық дәріхана желілерінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуін анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобымен рейдтік шаралары ұйымдастырылуда. Мысалға, «Маутова А.Ж.» және «И.П. Султанбекова» дәріханаларында шекті бағаны көтеру фактілері анықталды.

Дәріханалардағы дәрі-дәрмектер бойынша ақпарат www.stopcovid.kz сайтына жарияланатын болады.

Өңірдегі медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмектер ауруханалар мен медициналық ұйымдарға диспансерлік есепте тұрған және ақысыз рецепт бойынша дәрілерді алатын азаматтарды амбулаториялық емдеу үшін жеткізіледі.

Коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін аймақтағы барлық медициналық мекемелер антипиретикалық, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктермен қамтамасыз етілді.

Тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмектерге қатысты сұрақтар туындаса 51-27-66, 51-04-37 телефон нөмірлеріне хабарласа алады. Сондай-ақ, тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстары бойынша «109» колл-орталығы жұмыс жасап тұр.

Бүгінгі таңда жедел жәрдем станциясында 63 техника қызмет етуде. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде 35 реанимобиль мен 2 жедел жәрдем көлігін алу жоспарланып отыр.

Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен көпбейінді қалалық ауруханада қосымша 140 орындық инфекциялық аурухана ашылатын болады. Осыған дейін карантиндік аурухана ретінде пайдалануға жоспарланған облыстық аурухананың ІІ корпусында 130 орындық провизорлық аурухана ашылады. Сондай-ақ, бұрынғы №2 перзентхана базасында қосымша аурухана және ҚПО қаражаты есебінен жұқпалы аурулар ауруханасын ашу мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ, аудандардағы жұқпалы аурулар ауруханаларында орындарды көбейту жұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша коронавирустық инфекцияның 1547 симптоматикалық және 1338 асимптоматикалық жағдайы тіркелген. 66 науқастың жағдайы ауыр. Ауруға шалдыққан 21 сәбидің жағдайы орташа деңгейде. Жасанды өкпе желдеткішіне 13 адам қосылған. Коронавирус ауруынан 10 адам қайтыс болды.

Дәрігерлер тұрғындарды өзін өзі емдемеуге, ауру белгілері пайда болған жағдайда емханаларға хабарласып, емдеу туралы ұсыныстар алуға шақырады.

Бүгінде медициналық кадрлар мен оттегі концентраторының жетіспеушілігі үлкен проблема болып отыр.

Кеше облыс әкімі Ғали Есқалиев медицина ардагерлерімен, облыстың денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінің басшыларымен осы мәселені талқылады. Ағымдағы және орта мерзімді мәселелерді шешуге атсалысатын денсаулық сақтау басқармасы жанындағы алқа құрамы жаңартылды.

Тәжірибелі медицина қызметкерлері онлайн кеңестері өткізетін болады. Науқастарды үйіне барып жоспарлы емдеу үшін емханаларға 12 автомобиль бөлінбек.

Дәрігерлерге жүктемені азайту үшін Жоғарғы медициналық колледждегі фельдшерлер мен медбикелерді жеделдетіп оқыту қолға алынды. Сондай-ақ, еліміздің басқа қалаларындағы университет түлектерінің келуі күтілуде.

10 күн ішінде Оралдағы кәсіпорындардың бірінде Бобровтың модификацияланған тыныс алу аппараттарын құрастыруды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі медицина ардагерлері мен жекеменшік медициналық мекеме басшыларын ортақ қауіп-қатерге қарсы тұруға шақырды.

«Қазір біз үшін кез-келген көмек маңызды. Бізге мамандар, ғимараттар, демеушілік қажет. Мәселе ортақ және оны бірге шешу керек», – деді облыс әкімі Ғ.Есқалиев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
92 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
153 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
390 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
872 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1250 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1149 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1609 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2225 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2397 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2448 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2453 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2064 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2932 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2986 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2980 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3593 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3561 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3552 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3528 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3688 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»