БҚО-ДА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 269,2 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылы Батыс Қазақстан облысында 269,2 шақырымдағы республикалық, облыстық және аудандық жолдары жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру аясында республикалық маңыздағы, жалпы ұзындығы 245 км құрайтын «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайхын» автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

1,8 млрд. теңге көлемінде бөлінген қаражатқа, жалпы ұзындығы 76 км құрайтын, «Самара-Шымкент» (215-251 км, 36 км) және «Чапай-Жалпақтал-Казталов-РФ шек.» (17-57 км, 40 км) автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
– Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарында бөлінген 2,7 млрд. теңге қаражатқа Бөрлі-Ақсай-Жымпиты 139-159 км (2019 жылдан ауыспалы) учаскесіне күрделі жөндеу жұмыстары жалғасты. Жыл қорытындысы бойынша 15 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп 10 км жолы қолданысқа берілді (139-149 км учаскесі). Орал-Кирсанов автомобиль жолында бөлінген 616,028 млн.тг көлеміндегі қаражатқа Бәйтерек ауданындағы Быковка, Ембулатовка, Рубежка өзендері арқылы өтетін көпірлердің күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және «Федоровка-Ақсай» автомобиль жолындағы 6 су өткізгіш құбырлары күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар бөлінген 2,8 млрд. теңгеге Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы 0-96км автомобиль жолының учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудандық маңыздағы жолдарда 112,9 км жол жөндеуден өтті, – деді басқарма басшысы.
Нақтырақ айтқанда, Ақжайық ауданындағы Жайык, Алғабас, Ілбішін ауылдарына кірме жолдарының күрделі жөндеу және Жанабұлақ ауылына кірме жолының орташа жөндеу жұмыстары жасалды, Бәйтерек ауданына қарасты Переметное-Цыганово, Переметное-Вечное автомобиль жолдары мен Достық және Белес ауылдарына кірме жолдарының орташа жөндеу жасалды, Жәнібек ауданына қарасты Жәнібек-Таловка-Кіші өзен (2-27 км учаскесі) және Ұзынкөл ауылына кірме жолын орташа жөндеу, сонымен бірге Сырым ауданындағы Тоғанас ауылына, Тасқала ауданындағы Мерей ауылына, Теректі ауданындағы Новопавлов ауылына кірме жолдарының орташа жөндеу жұмыстары жасалған.
2020 жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдарының үлесі – 34 пайызға жетті.
2021 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 20,0 млрд.теңге бөлінбек. Оған «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» мен «Өнеге-Бисен-Сайхын» автомобиль жолдарында жұмыстар жалғасын табады. Сондай-ақ облыстық, аудандық маңыздағы жолдардың құрылысы жалғасады.
– 2021 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарына барлығы 1,3 млдрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа ұзындығы 50 км құрайтын «Барбастау-Ақжайық-Индер» автомобиль жолының қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарлануда. Шыңғырлаудың Ащысай ауылына, Бөрлі ауданының Пугачев ауылына, Бөкей Орданың Бисен ауылына, Жәнібек ауданының Жасқайрат ауылына автомобиль жолдарында жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстарға қаражат бөлінді. Сонымен қатар аудан әкімдіктерімен бірлесе жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда, – деді Бауыржан Есқайырұлы.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу