БҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БЕЛГІЛЕНГЕН УАҚЫТТАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУЫНА ЖОЛ БЕРГЕН МАМАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Жақсат Мұратов мәлім етті.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған жолдауында, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, үстеме жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөлінді. Осы ретте Агенттік бекіткен Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру бойынша кешенді жоспарға сәйкес, обылысымызда Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері және уәкілдермен бірлесе мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыстарына мониторинг жасау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айқанда, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуы бойынша талдау жүргізу үшін өткен жылдың басында Департамент 24 облыстық басқарма қызметшілері арасында анонимді түрде сауалнама жүргізілді. Қорытындысы 30 наурыз және 12 шілдеде өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралып, кеңес тарапынан мемлекеттік орган басшыларына шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілерді жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртіппен тартылуын қамтамасыз ету және барлық мемлекеттік қызметшілердің дербес компьютерлеріне, жұмыс аяғы аяқталғаннан кейін автоматты түрде өшіріліп қалатын бағдарламалар орнатылуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілген еді. Ал өткен жылдың қазан айында Агенттіктің тапсырмасы негізінде облыс аумағындағы мемлекеттік органдардар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша – 2112 мемлекеттік қызметшінің 513-і, яғни 24,3% жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орындарында кідіретіндерін көрсеткен. Осы орайда Департамент тарапынан Агенттіктің тапсырмасы негізінде мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыстарға тартылу мәселесі аясында өткен жылдың қазан айынан бастап, бүгінгі күнге дейін, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалу фактілерін анықтау және оларды болдырмау бойынша қоғамдық ұйымдардың қатысуларымен бірлескен іс-шаралары өткуде.
– Шара барысында департамент қызметкерлері 117 мемлекеттік органға барып, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан кейін жұмыс орнында кідіруі бойынша 22 фактіні анықтады. Оның 16-ы өздерінің лауазымдық міндеттерін мемлекеттік орган басшысының үстеме жұмыстарға тарту туралы тиісті бұйрығына сәйкес атқарғаны белгілі болды. Қалған 6 факті бойынша үстеме жұмыстарға тарту туралы жұмыс берушінің актісі мен жұмыскердің жазбаша келісімдері болмағаны мәлім болды. Олардың бесеуі – Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары, біреуі – облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы маманы. Жұмыс уақытынан кейін жұмыс орындарында кідірген мемлекеттік қызметшілермен тілдесу барысында, олардың жұмыс орындарында өз бастамаларымен түрлі себептер негізінде қалғандары анықталды. Сол себепті, оған кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылық мәселесі көтеріліп, жұмыс регламентін сақтамағаны үшін Инспекцияның кадрлық, қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы А.Б.Шайхановқа «ескерту», Еңбек тәртібінің сақталуына тиісінше бақылау жүргізбеген үшін бөлімнің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және персоналды басқару секторының бас маманы А.Е.Каримовға ескерту түрінде тәртіптік жазалар қолданылды, – дейді Жақсат Мұратұлы.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа келу, жұмыстан кету уақыты да қатаң бақылауда. Департаментпен жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың мемлекеттік орган ғимаратына орнатылған кіріп-шығуды бақылайтын СКУД жүйесінен алынған деректерді зерделеу нәтижесінде, өткен жылдың желтоқсан айында БҚО қазынашылық департаментінің, БҚО статистика департаментінің, БҚО ауылшаруашылығы басқармасының кейбір мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орындарында болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытты мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 77 және 78-баптарының сақталуы мәселесі бойынша сәйкесінше тексеру ұйымдастыру туралы Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына тиісінше ұсыныс жолданып, аталған мемлекеттік органдарды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, бұған дейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалуы мәселесі бойынша Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясымен бірлесе жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің үстеме жұмыстарға ақы төлеу талаптарын сақталмағаны үшін Ақжайық ауданы әкімі аппаратының және Ақжайық ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің екі лауазымды тұлғасы 30 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Спикердің сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан кейін жұмыс орнында негізсіз кідіруін болдырмау мақсатында облысымыздың мемлекеттік органдарында жұмыс уақыты аяқталған уақытта компьютерлерді автоматты түрде сөндіру жүйесін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс компьютерлеріне орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде облыстық деңгейдегі 25 жергілікті атқарушы мемлекеттік органның 22-сінде бағдарлама іске қосылған. Қала, аудандық, селолық деңгейдегі 306 жергілікті атқарушы мемлекеттік органның 133-інде орнатылған.
Версия для печати
Пікір үстеу