8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2020 1184 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРУДЫҢ СЕГІЗІНШІ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 1 жағдай тіркелді. 

БҚО тауарлармен мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депараментінің хабарлауынша, коронавирустық инфекция табылған азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 31 жастағы Орал қаласының тұрғыны.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтан дене қызуының көтерілуі анықталған. Аталған азамат іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды.

Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азамат провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалды.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жеке боксқа орналастырылған.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша филиалы дезинфекция орталығы мамандарымен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі,  яғни 12 сәуір күнгі жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан барлығы 8 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ем алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»