БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАР 800-ГЕ ЖЕТТІ
Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып тұр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев айтты.
21 маусым күні 32 адам корорнавируспен ауруханаға жатқызылды. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша олардың жетеуі ауру анықталғандармен қарым-қатынаста болғандар, алтауы – эпидемиологиялық қадағалау бойынша, 19-ы – өздігінен медициналық көмекке жүгінген.
22 маусымы бойынша облысымызда коронавирус инфекциясымен 1157 жағдай 552 ошақта тіркелді. 100 тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші – 176,2 құрады.
– 1 маусымнан 21 маусым аралығында облысымызда коронавирус инфекциясымен 487 жағдай тіркелді. 21 маусымға аурушаңдықтың өсім көрсеткіші 2,8%, 20 маусымда 2,7%, 19 маусымда 2,4% көрсетті. 23 аптада орташа өсім көрсеткіші 2,4%, ал 24 аптада 2,6% құрады. 1 – 20 маусым аралығында облысымызда коронавирус жұқпасына 8 363 адам тексерілді, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі Орал қаласында тіркелген, дегенмен аудандарда да аз емес. Мәселен, Ақжайық ауданында – 15 жағдай, Бөкей орда ауданында – 9 , Бөрліде – 25, Жаңақалада – 7, Жәнібекте – 15, Бәйтеректе – 56, Қаратөбеде – 3, Сырымда – 20, Тасқалада – 34, Теректіде – 28, Шыңғырлауда – 2, ал Орал қаласында – 943 жағдай тіркелді.
Жалпы облыс бойынша коронавирус инфекциясымен 1157 науқас тіркелген болса, бүгінде 800-і жазылды. алты адам осы індеттен көз жұмды.
Қазіргі уақытта провизорлық стационарда – 40, карантиндік стационарда – 191, үй оқшаулауында – 344 адам дәрігерлер бақылауында.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу