8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2021 1329 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСПЕН АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН 20 НАУҚАС РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ЕМ АЛУДА

БҚО-дағы коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың жағдайы туралы бүгін, 5 ақпан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков айтып берді. 

Қазіргі уақытта облыста 185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 26 науқас жатыр. Стационарлардың толымдылығы 14 пайызды құрайды. 579 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 291 адам емделуде. Ауруханалардың толымдылығы 50,2 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарлардағы 62 реанимациялық төсек-орында 20 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 32,2 пайызды құрайды.

– Қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастардың төртеуі – 40-60 жас аралығындағылар, 14 науқас – 60-80 жастағылар, екеуі – 80 жастан асқандар. 18 науқаста ілеспелі созылмалы аурулар бар. Олардың 16-да жүрек-қан тамырлары аурулары, 1 науқаста қант диабеті, 1 науқаста ревматоидты артрит. Бүгінгі күні инвазивті өкпені жасанды желдету аппаратына 1 науқас, инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 11 науқас, оттегі концентраторына 11 науқас, орталықтандырылған оттегі көзіне 56 науқас қосылған, – деді Армат Талғатұлы.

Қосымша 2008 төсек-орындық резервтік қор дайындалды. Олардың 1233 төсек-орыны инфекциялық стационарларда, 775 төсек-орыны карантиндік стационарларда. Әрбір емханада COVID-19 және пневмония симптомдары бар пациенттерді, созылмалы аурулары бар пациенттерді, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша жүкті әйелдер мен балаларды үйде бақылау үшін 124 мобильді бригада жұмыс жасауда. Мобильді бригада тәулігіне орта шамамен 280 шақыруға барады, оның ішінде жетпіс шақтысы COVID-19 бойынша түсетін шақыртулар.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін барлығы 11 395 адам індетті жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 6 019 адамда ауру симптомдық, 5 376 адамда симптомсыз ағымда өтті. Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 81,3 пайызы,яғни 9 267 адам сауығып шықты. Оның ішінде 4 093 адам стационарлық деңгейде, 5 174 адам амбулаториялық деңгейде жазылып шыққандар. Өкінішкеорай,  199 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
117 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
92 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»